БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

«Менің Отаныма - менің бастамам» атты 5-10 сынып оқушылары арасындағы облыстық  шығармашылық  жобалар  байқауы өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын  жүзеге асыру мақсатында  2020 жылдың 28 ақпанында  білім беру  ұйымдарының 5-10 сынып оқушылары арасында «Менің Отаныма - менің бастамам»  тақырыбында    облыстық    шығармашылық   жобалар   байқауы     өткізілді. Байқауға  50 оқушы қатысып, 9-ы жеңімпаз атанды. Үздік деп танылған оқушылар облыстық білім басқармасының               Бас жүлде,  I, II, III дәрежелі дипломдарымен  марапатталды.

Жетекші мектептердің директорларының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары тағылымдамадан өтті

            Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін трансляциялаудың іс-шаралар жоспарына сәйкес, Тараз қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында 2020 жылдың 24-28 ақпан аралығында жетекші мектептердің директорларының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары бір апталық тағылымдамадан өтіп, оқу-тәрбие процесінің жаңартылған білім беру мазмұны аясында тиімді ұйымдастырылуы және мұғалімдердің сабақтағы іс-әрекеттерін зерттеу бойынша тәжірибе алмасты.

           Тағылымдамадан  Меркі, Т.Рысқұлов, Талас және Тараз қаласынан 5 директорлардың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары өтті.

Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай «Әл-Фараби тағылымы» атты  9-11 сынып оқушылары арасындағы облыстық байқауы өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен Ұлы ғұлама, әлем таныған ойшыл Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, дарынды оқушылардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту және қолдау көрсету мақсатында               2020 жылдың 27-ақпанында 9-11 сынып оқушылары арасында «Әл-Фараби тағылымы» атты  білім байқауы өткізілді. Байқауға 64 оқушы қатысты.

Жеңімпаз атанған оқушылар облыстық білім басқармасының I, II, III дәрежелі дипломдарымен  марапатталды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында «Достық – таусылмас қазына» атты облыстық сурет байқауы өтті.

            Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2020 жылы 27 ақпанда 5 – 11 сынып оқушылары арасында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы жоспары аясында «Достық – таусылмас қазына» атты облыстық сурет байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты: оқушылардың отансүйгіштік, патриоттық сезімдерін, Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың дәстүрлі құндылықтарын сақтап, дамыту үшін позитивтік көзқарасты қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

            Байқауға 65 жұмыс қабылданды. Жұмыстар бейнелеу өнерінің түрлі техникасында орындалған. Шығармашылық жұмыстарды жас ерекшеліктеріне қарай жарияланған тақырыптың мазмұнына сәйкестігі, тақырыпты ашу деңгейі, шығармашылық талғамы, композициясы, техникасы, сапалық және эстетикалық талапқа сәйкестігі, материалдың бейнелігін, тұпнұсқалығын және көркемдік мәнерлігі, жаңашылдығы мен талапқа сәйкес жұмыстың безендірілу деңгей талаптары ескерілді.   

«Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында  тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері»  тақырыбында әдістемелік десант өтті

      2020 жылдың  27 ақпан  күні  Қордай ауданында №19 орта мектеп базасында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына және педагог психологтар мен әлеуметтік педагогтарға арналған  «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері»  тақырыбында әдістемелік десант ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға  барлығы 83 педагог қатысты. 

Консоль отладки Joomla!

Сессия

Результаты профилирования

Использование памяти

Запросы к базе данных