Жеңімпаздар 2012-2018 - Оқу-әдістемелік кабинет

Жеңімпаздар 2012-2018

«Орта білім беретін үздік ұйым» байқауы  туралы МӘЛІМЕТ (2012-2018ж.ж.)

2012 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №393 қаулысын жүзеге асыру мақсатында «Орта білім беретін үздік ұйым-2012» атты  байқауы өткізілді.

 «Орта білім беретін үздік ұйым» байқауына аудандар мен Тараз қаласынан жалпы орта білім беретін 8 мекеме (Байзақ ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясы, Жамбыл ауданындағы С.Макаренко атындағы орта мектебі, Жуалы ауданындағы Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы, Қордай ауданындағы Д.Қонаев атындағы №1 гимназиясы, Меркі ауданындағы №39 гимназиясы, Талас ауданындағы А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясы, Тараз қаласындағы №1 гимназия және облыстық Айша-бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-интернаты) қатысты. Байқауға қатысушы орта мектептердің құжаттары 11 өлшемдер бойынша сарапталды.

Сараптамалық комиссияның құрамы байқауға қатысушы мектептердің  жұмыстарын саралай келе, Тараз қаласындағы  №1 гимназия жұмысының нәтижесін байқау талаптарына толық сәйкес және «Орта білім беретін үздік ұйым-2012» атағына лайықты деп таныды.

«Орта білім беретін үздік ұйым-2013» байқауы

2013 жылы «Орта білім беретін үздік ұйым-2013» байқауына аудандар мен Тараз қаласынан жалпы орта білім беретін 8 мекеме (Жамбыл ауданындағы Б.Бесбаев атындағы орта мектебі, Жуалы ауданындағы Г.Орджоникидзе атындағы мектеп-гимназиясы, Қордай ауданындағы №4 орта мектебі, Меркі ауданындағы №44 орта мектебі, Сарысу ауданындағы Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы, Талас ауданындағы лицей-мектебі, Тараз қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы және Облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-интернаты) қатысты. Байқауға қатысушы орта мектептердің құжаттары 11 критерийлер бойынша сарапталды.

Сараптамалық комиссияның құрамы байқауға қатысушы мектептердің  жұмыстарын саралай келе, Тараз қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназия жұмысының нәтижесін байқау талаптарына толық сәйкес және «Орта білім беретін үздік ұйым-2013» атағына лайықты деп таныды.

«Орта білім беретін үздік ұйым-2014» байқауы

2014  жылы жалпы орта білім беретін мектептер арасында «Орта білім беретін үздік ұйым-2014» байқауын ұйымдастырды.

Байқауға облыс бойынша 58 жалпы орта білім беретін мектеп өтініш беріп, оның ішінде 7-і облыстық кезеңге өтті. Облыстық кезеңге қатысқан білім мекемелерін бағалау 11 критерийлер  бойынша жүзеге асырылды. Сараптамалық комиссиясының қорытындысы бойынша Облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-интернаты байқау талаптарына толық сәйкес және «Орта білім беретін үздік ұйым-2014» атағына лайықты деп танылды.

Облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын иеленген Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-интернатына Жамбыл облысының әкімдігі 15 973 000 теңгенің сертификатын табыстады.

«Орта білім беретін үздік ұйым-2015» байқауы

2015 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №544 бұйрығын орындау мақсатында «Орта білім беретін үздік ұйым-2015» грантын беруге арналған байқауы аудандық деңгейде өткізіліп, хаттамалары жинақталды. 2015 жылдың 13 наурызынан бастап облыстық байқауды өткізудің іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізілді.

Байқаудың облыстық кезеңіне аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің шешімдерімен 52 жалпы орта білім беретін мектептер қатысып, оның ішінде  9 мектеп облыстық байқауға жолдама алды.

Облыстық кезеңге өткен білім мекемелері 31 көрсеткіш бойынша бағаланды. Сараптамалық комиссиясының қорытындысы бойынша Тараз қаласындағы №40 гимназиясының оқушылары соңғы үш жыл ішінде рейтингілік жоғары көрсеткіштер көрсетті. Атап айтсақ, Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары нәтиже көрсетті, республикалық халықаралық пән олимпиадаларынан, республикалық, халықаралық ғылыми жоба жарыстарынан оқушылары жүлделі орындарды иеленді. Педагогтары республикалық, халықаралық деңгейде жетістіктерге жетті. 87 педагогтың мақалалары облыстық, республикалық басылымдарға жарияланды және электрондық оқулықтарды шығарып, іс-тәжірибеге енгізді.

Гимназияда ақпараттық-коммуникациялық технологиямен жұмыс жасау үрдісі оң жолға қойылған.

2015 жылдың 19 тамызында «Жаңа білім бағдарламалары, инновациялар және құзыреттілік тәсілдеме – табысты мектепке қадамдар» тақырыбында өткізілген білім беру қызметкерлерінің облыстық тамыз педагогикалық кеңесінің аясында «Орта білім беретін үздік ұйым» грантының иегері Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің №40 гимназиясы марапатталып, 17 091 200 теңгенің (17 млн. 91 мың 200 теңге) сертификаты табыс етілді.

«Орта білім беретін үздік ұйым-2016» байқауы

2016 жылдың мамыр айында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің      2014 жылғы 26 желтоқсандағы №544 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы 2016 жылғы 22 қаңтардағы №67 бұйрығын орындау мақсатында «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беруге арналған байқауының аудандық І кезеңіне 53 жалпы орта білім беретін мектептер қатысып, оның ішінде 9 мектеп облыстық кезеңге өтті.

Байқаудың облыстық ІІ кезеңіне аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің ұсынымдары бойынша 9 жалпы орта білім беретін мектептер қатысуға өтініш берді.

Облыстық кезеңге қатысқан орта білім беру ұйымдарын бағалау және бәсекеге қабілеттілігін анықтау 11 критерийдің 34 өлшемдері бойынша бағаланды. Сараптамалық комиссияның құрамы байқауға қатысушы мектептердің жұмыстарын саралай келе, облыстық  «Үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектебінің» жұмыс нәтижесін байқау талаптарына толық сәйкес және «Орта білім беретін үздік ұйым» грантына лайықты деп таныды.

2016 жылдың 20 тамызында «Білімді ел - Мәңгілік ел» тақырыбында өткізілген білім беру қызметкерлерінің облыстық тамыз педагогикалық кеңесінде аясында «Орта білім беретін үздік ұйым» грантының иегері Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектебі» марапатталып, 18 287 200 теңгенің (18 млн. 287 мың 200 теңге) сертификаты табыс етілді.

Облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым -2017» байқауы

2017 жылы 31 мамыр күні «Орта білім беретін үздік ұйым» облыстық байқауы өткізілді. Байқауға облыс бойынша 51 мектеп қатысты, оның 11-і облыстық кезеңге өтті. Облыстық кезеңге қатысқан орта білім беру ұйымдарын бағалау және бәсекеге қабілеттілігін анықтау 11 рейтингтік көрсеткіштер, 34 өлшемдер бойынша жүзеге асырылды.

Байқаудың комиссия мүшелері оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын енгізу, сапалы білім беруді қамтамасыз ету, білім беру процесін кадрлармен қамтамасыз ету, материалдық-техникалық қамтамасыз ету мен білім беру ұйымын жарақтандыру және жабдықтау, білім алушылардың денсаулығын сақтау үшін жағдай жасау, педагогтар мен басшылардың кәсіптік және өзін-өзі көтеруі үшін жағдай жасау, инклюзивті білім алуға жағдай жасау, соңғы үш жыл ішіндегі оқушылардың оқу рейтингтік жоғары көрсеткіштері, білім беру сапасын басқару, білім сапасын ішкі және сыртқы бағалаудың нәтижелері, халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру бойынша орта білім беру ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін анықтау жөніндегі ұсыныс-пікірлерін қорыта келе, облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым» байқауының жеңімпазы болып Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі анықталды және оған         19 567 200  теңге грантын төлеуге шешім шығарды.

Облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындайтын конкурсы туралы 

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №544 бұйрығына сәйкес «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беруге арналған конкурсын өткізді.

        Конкурсқа облыс бойынша 34 мектеп қатысты, оның 8-і ІІ кезеңге  өтті. Конкурстың ІІ кезеңіне қатысқан  білім беру ұйымдарын бағалау және бәсекеге қабілеттілігін анықтау 11 рейтингтік көрсеткіштер, 34 өлшемдер бойынша жүзеге асырылды.

Конкурстық комиссия мүшелері оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын енгізу, сапалы білім беруді қамтамасыз ету, білім беру процесін кадрлармен қамтамасыз ету, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, білім беру ұйымын жарақтандыру және жабдықтау, білім алушылардың денсаулығын сақтау үшін жағдай жасау, оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбегін қорғауға жағдай жасау,  педагогтар мен басшылардың кәсіптік және жеке өзін-өзі көтеруі үшін жағдай жасау, инклюзивтік білім алуға жағдай жасау, соңғы үш жыл ішіндегі оқушылардың оқу рейтингтік жоғары көрсеткіштері, орта білім беретін ұйымның ерекше миссиясы, білім беру сапасын басқару, білім сапасын ішкі және сыртқы бағалаудың нәтижелері, халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру бойынша орта білім беру ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін анықтау критерийлеріне сәйкес деп танылған Айша-бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернатына                      «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбында өткен Жамбыл облысы білім беру қызметкерлерінің  облыстық тамыз конференциясында 22 627 200 теңге  гранты табыс етілді.

Консоль отладки Joomla!

Сессия

Результаты профилирования

Использование памяти

Запросы к базе данных