Home-2 - Оқу-әдістемелік кабинет

Home-2

«Критериалды бағалау қағидаттары, 9 сыныптарда қорытынды аттестаттауды өткізу, ұйымдастыру, тапсырма құрастыру, пәндерді оқыту ерекшеліктері, оқушылардың функционалдық сауатылығын арттыру» тақырыбындағы облыстық онлайн семинар өтті

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен облыстағы жалпы білім беретін мектептерге жасалған рейтингтік көрсеткіштерінің қорытындысы бойынша анықталған кризистік режимдегі мектептерге ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2020 жылдың                        11 наурызында  «Zhambil_Obl_Metod» бөлмесінде «Критериалды бағалау қағидаттары, 9 сыныптарда қорытынды аттестаттауды өткізу, ұйымдастыру, тапсырма құрастыру, пәндерді оқыту ерекшеліктері, оқушылардың функционалдық сауатылығын арттыру»  тақырыбында облыстық онлайн семинар өткізілді. Аталған іс-шараға (бастауыш сыныптар, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын, өзін-өзі тану, тарих, математика, физика, химия, география, биология, информатика, көркем еңбек) 263 мұғалім қатысты.

Облыстық онлайн семинар өтті

          2020 жылдың 6 наурыз күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен          облыстағы жалпы білім беретін мектептерге жасалған рейтингтік көрсеткіштерінің қорытындысы бойынша анықталған кризистік режимдегі мектептерге  әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Білім сапасын арттырудың негізі – нәтижеге бағытталған білім» атты облыстық онлайн семинар өтті.

Облыстық онлайн семинарға кризистік режимдегі мектептердің директорлары, директордың оқу ісі жөніндегі, ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары, барлығы 130 адам қатысты.

Іс-шара барысында мектеп басшыларына нормативтік-құқықтық, әдістемелік қызметті тиімді ұйымдастыру бағыттары ұсынылып, жауапты тұлғаларға ақпараттық-әдістемелік көмектер берілді.

«Халықаралық PIRLS-2021  апробациялық зерттеуі: дайындық жұмыстары мен өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық семинар-кеңес өтті

      2020 жылдың 4 наурызында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен                        халықаралық PIRLS апробациялық зерттеуіне қатысатын Тараз қаласының №13, №55 орта мектептері мен Сарысу ауданы Досбол орта мектебінің мектеп үйлестірушілері мен 4 сыныпқа сабақ беретін мұғалімдерге, аудандық (қалалық) әдістемелік кабинеттің жауапты мамандарының қатысуымен «Халықаралық PIRLS-2021  апробациялық зерттеуі: дайындық жұмыстары мен өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық семинар-кеңес өтті.               

         Семинар-кеңес барысында халықаралық PIRLS-2021 апробациялық зерттеуіне қатысатын 3 мектептің мектеп үйлестірушілері мен бастауыш сынып мұғалімдеріне PIRLS зерттеуіне дайындық жұмыстары мен 4 сынып оқушыларының оқу сауаттылықтарын бағалау мақсатындағы тапсырмалардың түрлері туралы толық мағлұмат берілді.

Облыстық семинар-кеңеске 18 педагог қатысты.

«Шебер ұстаз» облыстық сәндік-қолданбалы шығармашылық байқауы өтті.

             Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті                     2020 жылдың 5 наурыз күні «Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық «Жамбыл дарыны» орталығында көркем еңбек пәні мұғалімдері арасында «Шебер ұстаз» облыстық сәндік-қолданбалы шығармашылық байқауын өткізді. Байқауға 65 мұғалімнің жұмысы қабылданды.

Байқаудың мақсаты: мұғалімнің сәндік-қолданбалы шығармашылығын дамытуға жан-жақты ықпал ету; кәсіби шығармашылық қабілеттерін дамытуға және көрсетуге мүмкіндік беру; көркемдік және сәндік-қолданбалы шығармашылық саласында тәжірибе алмасу.

             Байқау 6 номинация аясында өткізілді. Атап айтсақ «Жарамсыз материалдардан жасалған бұйым», «Табиғи материалдардан жасалған бұйым», «Тұрмысқа арналған креативті бұйымдар», «Ұлттық колориті бар макеттер және т.б.», «Матадан жасалған бұйымдар (құрақ техникасы, кесте, гобелен, тоқыма, ши және т.б.)», «Ұлттық көркемдік және халықтық қолөнері».

             Байқау жұмыстары тақырыпқа сәйкестігі, көркемдік талғамы, ерекшелігі, композициясы, таңдалған техниканы меңгеруі, жұмыстың эстетикалық түрі және безендірілуі, орындау сапасы және ұқыптылығы бағаланды.

Облыстық математика пәні мұғалімдерінің «Математикалық регата» олимпиадасы өтті

2020 жылдың 4 наурызы күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен математика пәні мұғалімдерінің облыстық «Математикалық регата» олимпиадасы өтті.

Педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында өткізілген олимпиадаға облыстың 23 педагогі қатысты. 

Олимпиада 4 кезең бойынша өткізіліп, әр кезеңінде 2 есептен (алгебралық,  геометриялық, логикалық), жалпы 8 есеп берілді. Тапсырмаларда планиметрия, стреометрия, тригонометрия бөлімдері мен комбинаторика, логикалық есептер қамтылды. Олимпиаданың нәтижесінде I орынды облыстық дарынды ер балаларға арналған "Білім - инновация" лицей-интернатының мұғалімі Ш.Зайтунов, II орындарды Тараз қаласы, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының мұғалімі Д.Убишов, Т.Рысқұлов ауданы, Ақтоған орта мектебінің мұғалімі М.Ержанова, III орындарды Қордай ауданы, №1 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Н.Сатыбалдиева, Т.Рысқұлов ауданы, Ақыртөбе орта мектебінің мұғалімі Г.Рахатова, Талас ауданы, С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің мұғалімі А.Тазабекова иеленсе, Байзақ ауданы С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің мұғалімі Ж.Абдураимов,Жамбыл ауданы №1 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Р.Тулендиев, облыстық Айша-бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған "Білім - инновация" мектеп-интернатының мұғалімі Ж.Нұрғалиева, Жамбыл ауданы №1 орта мектебінің мұғалімі Н.Ибрагимова алғыс хаттармен марапатталды.

Педагогтарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!

Консоль отладки Joomla!

Сессия

Результаты профилирования

Использование памяти

Запросы к базе данных