Home-2 - Оқу-әдістемелік кабинет

Home-2

«Менің ОтанымҚазақстан»  атты туристік экспедициялық жасақтардың республикалық  слеті өтті

        Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2020 жылдың 28-29 қыркүйек күндері «Менің Отаным – Қазақстан» атты  туристік экспедициялық  жасақтардың республикалық  кезеңі өтті. 

       Слеттің мақсаты  білім беру ұйымдарындағы оқушылардың отаншылдық сезімдерін дамыту, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру  арқылы  салауатты өмір салтын насихаттау. 

       Аталған іс-шараға  8 оқушы  қатысты.

     Республикалық слетте  «Ең керемет туристік өлке»  номинациясы бойынша облысымыз  III орынды иеленді.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы негізінде тәрбиелеу мен оқыту жүйесін қалыптастыру» тақырыбында әдістемелік онлайн-семинар өтті

        «Бөбек» ҰҒПББСО-ның және Жамбыл облысының әкімдінің білім басқармасының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 25 қыркүйегінде білім беру ұйымдарындағы тәрбиелеу және оқыту жүйесінің рухани-адамгершілік мазмұнын күшейту мақсатында ТжКБ және жалпы білім беру ұйымдарының директорлары және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, өзін-өзі тану мұғалімдеріне арналған әдістемелік онлайн-семинар өтті.        Онлайн-семинар барысында облыстағы білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесіне «Өзін-өзі тану» бағдарламасын интеграциялау бойынша пилоттық жобаны жүзеге асырған Т.Рысқұлов ауданының Қызылту орта мектебі, Тараз қаласының №39 мектеп-гимназиясы, №19 орта мектебі,  Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі басшылары білім беру ұйымындағы жүргізілген жұмыстарымен, іс-тәжірибелерімен бөлісті.  Аталған іс-шараға барлығы 244 педагог қатысты.

«АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІН ДАМЫТУ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ЖМ «Педагогикалық шеберлік орталығы» ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 23 қыркүйек күні «Ауыл мектептерін дамыту» жобасына енген жалпы орта білім беретін мектептер үшін «Ауыл мектебі: табысқа бірге жетеміз»  тақырыбында онлайн режимінде семинар өтті.

         Іс-шараға облыс бойынша Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері, «Педагогикалық шеберлік орталығы» Тараз қаласындағы филиалының тренерлері, Байзақ ауданы Н.Ақшабаев атындағы орта мектебі, Жамбыл ауданы Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының әкімшілігі мен жауапты мамандары, аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, барлығы 31 педагог   қатысты.

«Zооm» платформасында өткен семинар барысында «Ауыл мектептерін дамыту» жобасының мақсаты және міндеттерімен танысып, мектеп ұжымдарының кәсіби даму бағыттары,  мектеп тренерлерінің әлеуетін арттыру арқылы әдістемелік қызметтің тиімді тәсілдері, ауыл мектебі жағдайында педагогтердің каскадтық кәсіби даму механизмдері бойынша тәжірибе алмасып, электронды таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.

«Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру жағдайында баланың әлеуметтік және құқықтық қамтамасыз етілуі»тақырыбында облыстық вебинар өтті

2020 жылдың 25 қыркүйек күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтарға арналған «Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру жағдайында баланың әлеуметтік және құқықтық қамтамасыз етілуі» тақырыбында (zoom платформасы) облыстық вебинар өткізді,  аталған іс-шараға барлығы  158  педагог қатысты.

          Вебинардың мақсаты – білім беру ұйымдарының педагог- психологтары мен әлеуметтік педагогтарына әдістемелік көмек көрсету, тәжірибелік тұрғыда кәсіби шеберлігін арттыру және өзара тәжірибе алмасу.

       Іс-шара  барысында әлеуметтік-психологиялық қызметте қазіргі күрделі жағдайда өз бағытын бағдарлай алатын бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыруда психологиялық қолдау көрсету бойынша ұсынымдар беріліп, ой қозғады.

 Мектепке дейінгі ұйым педагогтері үшін облыстық онлайн вебинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен  2020 жылдың 16 қыркүйек күні мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «Мектепке дейінгі балалардың интреллектуалдық және кретивтік потенциалын дамыту» тақырыбында онлайн режимінде облыстық вебинар өтті.

Іс-шара барысында 2020-2021 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері және мектепке дейінгі балалардың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту жолдары туралы ақпараттар беріліп, педагогтер электронды дидактикалық таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.

Аталған іс-шараға облыстың  130 педагогі қамтылды.

Консоль отладки Joomla!

Сессия

Результаты профилирования

Использование памяти

Запросы к базе данных