Ережесі - Оқу-әдістемелік кабинет

Ережесі

Қашықтықтан оқыту мектебін ұйымдастыру туралы

ЕРЕЖЕ

І. Жалпы ережелер

  1. Ереже педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мақсатында қашықтықтан оқыту мектебінің жұмысын және оны барлық білім беру ұйымдарында жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау тәртібін анықтайды.
  2. Ережені облыстық оқу-әдістемелік кабинеті, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттері, педагогтар қолданады.
  3. Ережеде келесі түсініктер қолданылады:

1) білім беру порталы – әкімшілік, ақпараттық, коммуникативтік әдістемелік, бақылау және т.б. түрлі функцияларды атқаратын қашықтықтан оқыту үдерісін қамтамасыз ететін бірнеше сайттар жиынтығы;

2) қашықтықтан оқу – заманауи ақпараттық технологияларды  пайдалану негізінде жүзеге асырылатын өз бетімен оқу формасы. Оқу қашықтықтан, тыңдаушы мен тьютордың (модератордың) жеке байланысы арқылы ұйымдастырылады;

3) өз бетімен оқу (ағылш. Self-instruction) – тыңдаушының ұсынылған аудио, бейне және мәтіндік материалдарды үлкен жауапкершілігі мен өзіндік тәртібі негізінде тьютордың (модератордың) қатысуынсыз білім және тәжірибе алу;

4) электронды білім беру ресурстары (ЭББР)-курс бойынша электронды ортада оқу үдерісін сүйемелдеуге және ұйымдастыруға арналған электронды-сандық үлгідегі (білім беруші, бақылаушы, анықтамалық-ақпараттық және т.б. материалдар) білім беру қорлары;

5) контент-оқу материалдарының ақпараттық мазмұны (мәтіндер, сызбалар мультимедиа және т.б. ақпараттық маңызды толықтырулар);

6) тыңдаушы – қосымша білім беру бағдарламалары бойынша білім беру мекемелерінде оқитын тұлға;

7) тьютор (модератор) – білім алушыларға оқытушы оқытатын пәнді меңгеруге көмектесетін тұлға;

8) тыңдаушы білімін аралық бақылау – курстың білім беру бағдарламасы модулінің бөлігі немесе барлық көлемін меңгергеннен кейінгі оның мазмұнын тыңдаушының меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін әрекет;

9) тыңдаушы білімін қорытынды бақылау – курстың білім беру бағдарламасының көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін әрекет;

10) өзіндік жұмыс – тыңдаушының тьютормен тығыз байланыспен орындайтын оқу жұмысының түрі:

11) вебинар – (ағыл.сөзі «webinar», «web-based seminar») – веб-технологияның көмегімен тікелей трансляция жүйесінде ұйымдастырылатын онлайн-семинар, дәріс, таныстырылым. Әрбір қатысушы орналасқан жері мен географиясына қарамастан, өз компьютерінің алдында болады;

12) онлайн-форум – веб-сайт қатысушылары арасында онлайн-пікірталас жүргізуге арналған интернет-сервис;

13) онлайн-кеңес беру – онлайн режимінде тьютордың (модератордың) тыңдаушыға көрсетілетін жеткілікті, мобильді, кәсіби және әдістемелік көмегі.

  1. Қашықтықтан оқуды ұйымдастыруда білім беру үдерісі тыңдаушыларының кәсіби құзыреттілігін арттыруға және дамытуға арналған оқытудың түрлі формаларын біріктіруге негізделеді. Біліктілікті арттыру жүйесіндегі оқытудың негізгі мақсаттары:

- білім беру саясатының заманауи талаптарына және білім берудегі инновациялық үдерістерге сәйкес келетін өзекті біліктілікті арттыру бағдарламаларын даярлау және оларды жүзеге асыру;

- педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесіне қашықтықтан оқыту технологияларын ендіру;

- заманауи педагогикалық технологияларды, оның ішінде педагогтердің тәжірибелік жұмысына негізделген ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу;

- педагог кадрлардың қосымша білім беру бағдарламалары бойынша сапалы білім беру қызметтерін ұсыну;

- тыңдаушылардың білім алуына арналған қолайлы жағдайлар жасау және білім беру үдерісінің ресурстық тиімділігін арттыру.

ІІ. Оқу үдерісін ұйымдастыру

 

  1. Қашықтықтан оқыту мектебінде алғашқы күні әрбір тыңдаушы:
  • білім беру порталына кіру қолжетімді болуы үшін жеке логин мен пароль алады;
  • білім беру порталы жұмысымен танысады;
  • онлайн кіріс сауалнамасын толтырады;
  • жоба жұмысының не шағын-сабақтың (шағын шараның) тақырыбын таңдайды.
    1. Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстары екі кезеңнен тұрады: қашықтықтан оқу (онлайн-online), өз бетімен оқу (оффлайн-off-line). Оқу үдерісін жүзеге асыру үшін дәстүрлі оқу құрылымының элементтерін қолдана отырып, тыңдаушылар оқу материалының белгілі бір бөлігін дәстүрлі оқу түрінде, ал оқу материалының қалған бөлігін өз бетімен меңгереді.
    2. Қашықтықтан оқу жоғары интербелсенді оқу контентімен және тыңдаушылардың тьютормен, бір-бірімен жүйелі қарым-қатынаста болуымен сипатталады. Оқытушының педагогтармен аудиториялық бетпе-бет жұмысы онлайн, нақты тақырып бойынша дәріс, практикалық сабақтар, тренингтер, семинарлар, кеңес беру түрінде жүргізіледі.
    3. Қашықтықтан оқу режиміндегі білім берудегі оқу уакыты мынадай арақатынасты құрайды.

Екі апталық қашықтықтан оқыту - вебинар, online-форум, online- кеңес беру;

- ТарМПУ, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, ТИГУ, «НЗМ» ДББҰ ПШО, «Өрлеу» БАҰО-ның оқытушы-ғалымдары мен тренерлерінің дәрістері тыңдалады.

- өз бетімен оқу (ЭББР көмегімен білім беру порталында off-line режимінде оқу).

  1. Электрондық білім беру ресурстары (ЭББР) келесі кешендерден тұрады:
  • Білім беру бағдарламасы, оқу-тақырыптық жоспар, ұсынылатын әдебиеттер тізімі;
  • Видеоның (курсқа, модульдерге, модуль тақырыптарына) электрондық мәтіндік материалдары.
    1. Білім беру порталындағы бағдарламалық материалдарын меңгеру үшін тыңдаушыларға: курстың модульдердің видеолары, барлық видеоларға арналған мәтіндік материалдар, тақырыптарға арналған толық мәтіндік материалдар, әрбір модуль мен тақырыптар бойынша таныстырылымдар, пайдаланған әдебиеттер мен ТӨЖ тапсырмалары ұсынылады.

 

ІІІ. Білім беру үдерісіндегі нәтижелерді бағалау

 

  1. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда тыңдаушылардың білімін бағалау және бақылау өзіндік жұмыс, жоба жұмысын қорғау немесе шағын сабақ көрсетілімі (шағын іс-шара), аралық және қорытынды тестілеу арқылы жүргізіледі.
  2. Тыңдаушыларды аралық тестілеу 35 сұрақтан тұратын онлайн тест түрінде тапсырылады. Тыңдаушы аралық тестілеуді сәтті тапсыру үшін 70%-дан жоғары дұрыс жауаптарды таңдауы қажет.
  3. Жоба жұмыстарының немесе шағын сабақтардың тақырыптары (шағын іс-шара) оқыту барысында білім беру порталында жарияланады. Орындалған жоба жұмыстары немесе шағын сабақтарды (шағын іс-шара) тьютордың тексеруі үшін білім беру порталының «Онлайн тестілеу» бөліміне бекітіледі.
  4. Онлайн тестілеудің нәтижесі мен қорғалған жлбалар бойынша педагогтарға қашықтықтан оқыту мектебінің сертификаттары беріледі.

Консоль отладки Joomla!

Сессия

Результаты профилирования

Использование памяти

Запросы к базе данных