Home-2 - Оқу-әдістемелік кабинет

Home-2

«Менің Отаным - Қазақстан» атты облыстық  онлайн байқауының жеңімпаздары анықталды

          Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен  2020 жылдың 19 наурыз – 9 сәуір  аралығында 6-10 сынып оқушылары арасында «Менің Отаным - Қазақстан» атты облыстық  онлайн байқауы өткізіліп, жеңімпаздары анықталды. Байқауға барлығы 34 оқушы қатысты.

  • Қордай ауданы, Б.Момышұлы атындағы №43 орта мектебінің 7 сынып оқушысы Сардарбек Балнұр І орынды;
  • Қордай ауданы, №43 орта мектебінің 7 сынып оқушылары Денгельбай Ерсұлтан,  Тәжіхан Еркебұлан, Қасымалы Алуа, Батырбек Жанболат      ІІ орындарды;
  • Меркі ауданы, №21 ЖББМ 8 сынып оқушысы Касапчиева Руиза және  Қордай ауданы, №43 орта мектебінің 7 сынып оқушылары  Әден Бегайым, Манап Мадина  ІІІ орындары иеленді.

                                 

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!

Облыстық «Қызықты есептер құрастыра білесің бе?» байқауының   жеңімпаздары анықталды

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың 18 наурыз - 6 сәуір аралығында математика  пәнінен 5-9 сыныптың оқушылары арасында «Қызықты есептер құрастыра білесің бе?» атты облыстық сырттай байқауы өтті.

 Байқаудың мақсаты - білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылықпен жұмыс жасауға баулу.

Байқауға қатысушылар берілген тақырыптар бойынша өздерінің құрастырған есептері мен оның шешу жолдарын «Логикалық есептер              (5 сынып)», «Проценттер, қоспалар, ерітінділерге байланысты есептер            (6 сынып)», «Қозғалысқа байланысты есептер (7 сынып)», «Бірігіп жұмыс атқару есептері (8 сынып)»,  «Геометриялық есептер (9 сынып)» тақырыптары бойынша жолдады.

 Байқаудың нәтижесінде Т.Рысқұлов ауданы Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің 5-сынып оқушысы Нұрақбек Нұрмұхамед, М.Горький атындағы орта мектебінің 6-сынып оқушысы Спан Асылай, Қордай ауданы №6 негізгі мектебінің 7-сынып оқушысы Махсетбаева  Жадыра, Т.Рысқұлов ауданы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Маупа Айару, Т.Рысқұлов ауданы М.Горький атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Әміт Аружан I орынды, Т.Рысқұлов ауданы Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің 5-сынып оқушысы Беккұлы Дауыт, Қордай ауданы Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы Орын Динара, Т.Рысқұлов ауданы Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің 7-сынып оқушысы Ерболат Саяжан, Қордай ауданы Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Шилязова Малика, Меркі ауданы И.Трубицын атындағы №17 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Сәдібай Ақнұр II орынды, Т.Рысқұлов ауданы Құлан шағын орталықты мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы Меделбек Мерей, Жамбыл  ауданы  Ә.Тарази  атындағы  тірек  мектебінің 6-сынып оқушысы Құтжан Маржан, Сарысу ауданы Ж.Отарбаев атындағы орта мектебінің 7-сынып оқушысы Әбдеш Келбет, Тараз қаласы №54 орта мектебінің 8-сынып оқушысы Рысбекова Гүлжанар, Қордай ауданы №1 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Ануарбек Самат III орынды  иеленді.

Байқау жеңімпаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!

«Қазақ тарихындағы Ұлы тұлғалар» атты облыстық сырттай байқаудың үздіктері анықталды

2020 жылдың  26 наурыз-3 сәуір аралығында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен 7-9 сынып оқушылары арасында қашықтықтан өткізілген «Қазақ тарихындағы Ұлы тұлғалар» атты облыстық сырттай байқаудың жеңімпаздары анықталды.

Өскелең ұрпақтың санасында Қазақстан тарихындағы  тұлғалардың тарихтағы рөлін айқындау, таныту, өмірі мен қоғам, ғылым, білім, мәдениет, салаларына қосқан үлестерін насихаттау, еңбектерін зерттеу, батырлар туралы тың деректерді ұсыну мақсатында өткізілген байқауға оқушылар «Атлах шайқасынан Алтын Орда мемлекетінің құрылу тарихы сыр шертеді, Әбу Насыр Әл-Фараби – өркениет философы, «Ұлы Отан соғысындағы Жеңісті жақындатқан батырлар» тақырыптары аясында ізденіс жұмыстарының негізінде тарихи шығармаларын ұсынды. Облыс бойынша байқауға 90 оқушы қатысты.

Байқау нәтижесінде Байзақ ауданы Бурыл орта мектебінің 7 сынып                   оқушысы Шаймаханова Назерке, Тараз қаласы Жамбыл атындағы                                №5 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Советхан Ерұлан, Байзақ ауданы Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Кевлемкусова Айсұлу І орынды, Тараз қаласы Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының    7 сынып оқушысы Аярбек Шұғыла, Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназияның   8 сынып оқушысы Кенешбекова Аяулым, Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының 9 сынып оқушысы Сұлтанбек Далида ІІ орынды, Меркі ауданы  №5 Ақарал                                          мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы Шоңшабай Айым, Тараз қаласы       №24 гимназияның 8 сынып оқушысы Рахметилда Шадия, Қордай ауданы М.Смағұлов атындағы №34 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Сағади Жанеля ІІІ орынды иеленді.

Байқау жеңімпаздарын ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

         

А.Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай  «Абайды оқы, таңырқа!» атты 5-11 сынып оқушылары арасындағы  облыстық онлайн байқауы өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен Ұлы ақын, әлем таныған ойшыл Абай өмірі мен шығармашылығын насихаттау, Абайдың шығармашылық өмірінен ғибрат алып, өмірде қолдана алуға бағыттау, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында 2020 жылдың сәуір айында 5-11 сынып оқушылары арасында «Абайды оқы, таңырқа!» атты  онлайн байқауы өткізілді. Байқауға 164 оқушы қатысты.

Жеңімпаз атанған оқушылар облыстық білім басқармасының   I, II, III дәрежелі дипломдарымен  марапатталады.

«Ертегілер әлемі» атты облыстық компьютерлік графика байқауы«Табиғат әлемі» атты облыстық фотобайқауы

         Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың 19 наурыз – 8 сәуір ааралығында 5 – 11 сынып оқушылары арасында   қашықтықтан  «Ертегілер әлемі» атты облыстық компьютерлік графика байқауы, «Табиғат әлемі» атты облыстық фотобайқауы өтуде. Байқау мақсаттары  оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру арқылы танымын, көркемдік талғамын қалыптастыру.  Қазіргі таңда байқау ережесіне сәйкес шығармашылық жұмыстар жинақталып, сарапталуда. Байқау жұмыстары жарияланған тақырыптың мазмұнына сәйкестігі, тақырыпты ашу деңгейі, шығармашылық талғамы, композициясы, сапалық және эстетикалық талапқа сәйкестігі, материалдың бейнелігін, тұпнұсқалығын және көркемдік мәнерлігі, жаңашылдығы мен талапқа сәйкес жұмыстың ерекшелігі деңгейі критерилері негізінде бағалануда.

Консоль отладки Joomla!

Сессия

Результаты профилирования

Использование памяти

Запросы к базе данных