БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

«Зерде» жобасы аясында жаратылыстану-математикалық бағыттағы физика пәнінен сабақ беретін жас мамандарға вебинар өтті

2024 жылдың 13 наурыз күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Зерде» жобасы негізінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден сабақ беретін жас мамандардың өзара тәжірибе алмасу арқылы кәсіби құзыреттілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының тәжірибелі физика пәнінің мұғалімі А.Аманжол «Разработка и применение заданий формата МОДО по физике» тақырыбында жас мамандарға вебинар өтті.
Іс-шара барысында оқушылардың білім сапасын арттыру бойынша ББЖМ-дегі кездесетін деңгейлік тапсырмаларды анықтау, құрастыру және шешудің тиімді шығару жолдары мен әдіс-тәсілдерін қолдану құрылымы көрсетілді. Педагогтерге әдістемелік көмек берілді, өзара іс - тәжірибесімен бөлісті. Аталған вебинарға облыстың 74 педагогі қатысты.

БІЛІМ БӨЛІМДЕРІНІҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУҒА ЖАУАПТЫ ӘДІСКЕРЛЕРІНЕ ОБЛЫСТЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 18 наурыз күні білім бөлімдерінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға жауапты әдіскерлеріне арналған «Мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту: тәжірибесі және болашағы» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында облыстық оқу-әдістемелік орталығының басшысы Ш.Усерова қатысушыларға «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын іске асыру бойынша облыстық жол картасының аясында атқарылатын жұмыстар мен міндеттерді нақтылап, жұмыс барысында басшылыққа алынатын нормативтік-құқықтық құжаттар мен педагогтердің қызметін үйлестіру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасы мазмұнында айқындалған күтілетін нәтижелерге балалар мен педагогтің жету деңгейін бақылау бойынша мониторинг жүргізудің бірыңғай тәсілін қамтамасыз ету, мемлекеттік аттестациядан өтетін мекемелерге әдістемелік көмек көрсету, мобильді топтар мен құзыреттілік орталықтарының жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.

«География пәнінен ҰБТ- да кездесетін күрделі тест тапсырмаларымен жұмыс» тақырыбындағы география пәні мұғалімдеріне арналған шеберлік сынып өтті.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 18 наурыз күні «География пәнінен ҰБТ- да кездесетін күрделі тест тапсырмаларымен жұмыс» тақырыбында география пәні мұғалімдеріне арналған семинар өтті.
Облыстық іс-шара барысында география пәні мұғалімдеріне ҰБТ -ға дайындауда кездесетін қиындығы жоғары есептердің шығарылу жолдары көрсетілді.
Аталған іс-шараға барлығы 172 педагог қатысты.

«Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала», «Ханталапай» атты облыстық байқаулары өтті

Ағымдағы жылдың 15 наурыз күні ҚР ОҒМ «Балаларды ерте дамыту институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің жылдық жоспарына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала», «Ханталапай» атты республикалық байқаулардың облыстық кезеңі өтті.
Іс шараның мақсаты - балалар арасында сәндік-қолданбалы шығармашылықтың салт-дәстүрлерімен, әдет-ғұрыптарымен, тарихымен таныстыру және танымал ету, тәрбиеленушілердің белсенділігі мен танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру арқылы қазақ халқының мәдени мұрасына деген мақтаныш пен құрмет сезімін тәрбиелеу.
Республикалық кезеңге Тараз қаласының №18 «Еркежан» және №14 «Жарқынай», №17 бөбекжай-бақшаларының жұмыстары ұсынылды.

Қыз бала тәрбиесіндегі құндылықтар жүйесі» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығында 2024 жылдың 18 наурыз күні аудандық, Тараз қалалық психолог әдіскерлері, білім беру ұйымдарының педагог-психологтары мен әлеуметтік педагогтеріне арналған «Қыз бала тәрбиесіндегі құндылықтар жүйесі» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізілді.
Іс-шара барысында Тараз қаласының педагог-психологтары «Қыз бала тәрбиесіндегі құндылық бағдар жүйесі», «Қыз – өмірдің қызғалдағы», «Қазақ зиялыларының қыз бала тәрбиесі жайлы көзқарастары мен қазіргі жай-күйі арасындағы сабақтастық мәселелері», «Қыз қылығымен», «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі», «Ана тәрбиесі – қыз балаға үлгі», «Қыз баланың шекараларын белгілеуге арналған ойын-жаттығулар» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарда қазақ зиялаларының қыз бала тәрбиесіне қатысты нақыл сөздері мен қазіргі қыз балалардың тәлім-тәрбиесі мен бей-жайы кеңінен талқыланды. Қыз баланың тұлғалық жетілуі мен құндылық бағдар жүйесін дұрыс қалыптастыру мақсатында озық іс-тәжірибелер ортаға салынды. Қатысушыларға білім беру ұйымында қыз балаға қатысты репродуктивтік денсаулық, жыныстық тиіспеушілік, тұлғалық жеке шекара туралы әдістемелік көмек көрсетілді.
Аталған іс-шараға 100 педагог қатысты.