А.С.Пушкиннің 225-жылдығына орай облыстық «Мой Пушкин» сырттай байқауы өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 1 наурыз күні оқушылардың орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкиннің өмірі мен шығармашылығын тануға қызығушылықтарын арттыру, ақынның рухани мұрасын насихаттау мақсатында облыстық «Мой Пушкин» атты сырттай байқауы өтті.
Байқауға келесі номинациялар бойынша бейнематериалдар ұсынылды:
1. «Читаем Пушкина» номинациясында А.С.Пушкиннің өлеңдерін немесе прозаларын жатқа мәнерлеп айту.
2. «Что за прелесть эти сказки!» номинациясында А.С.Пушкиннің кез-келген ертегісінің желісі бойынша бейнесахналаудан үзінді (5-7 минут).
3. «Моё любимое произведение А.С.Пушкина» номинациясында А.С.Пушкиннің шығармалары бойынша буктрейлер дайындау) (2 минут).
Облыстық байқауға аудандар мен Тараз қаласының білім мекемелерінен барлығы 43 бейнематериал ұсынылды.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған оқушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.