Home-2 - Оқу-әдістемелік кабинет

Home-2

«Абайды оқы, таңырқа!» облыстық онлайн байқауы

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 тамыз күнгі №134 жарлығына сәйкес Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеуді қамтамасыз ету мақсатында жалпы білім беру ұйымдарының 5-11 сынып оқушылары арасында «Абайды оқы, таңырқа!» облыстық онлайн байқауы өтуде.

Байқаудың мақсаты – Абайдың шығармашылық өмірінен ғибрат алып, өмірде қолдана алуға бағыттау, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Ақпараттық - коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.

Дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау көрсету.

             Байқау екі кезең бойынша өткізіледі:

Бірінші кезең – «Білгенге маржан... кезеңінде ақынның өмірі, өскен, білім алған ортасы, шығармашылығы жайлы ұзақтығы 10 минуттан аспайтын ең үздік видео түсіру қажет. #МенАбайдыоқимын, #Абай175 хештегтерімен түсірілген ең үздік видеоролик авторы анықталады.

Екінші кезең – «Көңілдегі көрікті ой...» кезеңінде байқауға қатысушылар «Абай айтқан бес асыл істің бүгінгі күндегі өзектілігі», «Талаптың мініп тұлпарын», «Сен де бір кірпіш дүниеге...», «Ұятың, арың оянсын...» тақырыптарында 200-250 сөзден тұратын эссе, авторға хат, мақала жазу. 

Байқау  қорытындысы бойынша ең үздік видеоролик пен эссе авторы жеңімпаз атанады. Байқау жеңімпаздары дипломдар, алғысхаттармен марапатталады. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Облыстық «Ізгіліктің кәусар бұлағы» атты онлайн байқауы өтуде

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен оқушылардың адамгершілік, ізгілік қасиеттерін қалыптастыру және адамзаттың әлеуметтік-мәдени тәжірибесін игеруі мақсатында 5-9 сынып оқушылары арасында «Ізгіліктің кәусар бұлағы» атты облыстық онлайн байқауы жүргізілуде.

Байқауға қатысушылар ағымдағы жылдың 19 наурыз – 7 сәуір аралығында рухани-адамгершілік құндылықтармен байланысқан түрлі тақырыптардағы өздерінің  өлең жолдарын онлайн режимінде жолдайды.

2020 жылдың 1 сәуіріне дейін аталған байқауға 80-ге жуық оқушы қатысуда.

Математика пәнінен 5-9 сынып оқушыларына «Қызықты есеп құрастыра білесің бе?» атты облыстық сырттай байқауы өтуде

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылықпен жұмыс жасауға баулу мақсатында математика пәнінен «Қызықты есеп құрастыра білесің бе?» атты облыстық сырттай байқауы өтіп жатқандығын хабарлайды.

Байқауға қатысушылар берілген тақырыптар бойынша өздерінің құрастырған есептері       (2-3 есеп болу керек, интернет ресурстарынан алынған есептер есептелінбейді) мен оның шешу жолдарын «Логикалық есептер (5 сынып)», «Проценттер, қоспалар, ерітінділерге байланысты есептер (6 сынып)», «Қозғалысқа байланысты есептер (7 сынып)», «Бірігіп жұмыс атқару есептері (8 сынып)»,  «Геометриялық есептер (9 сынып)» тақырыптары бойынша жолдайды.

Қатысушылардың жұмыстары 2020 жылдың 5 сәуірінен кешіктірілмей ұйымдастыру комитетінің Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасына жіберілуі қажет. Байланыс телефоны: 87475077775.

«Менің Отаным - Қазақстан» атты облыстық интернет - байқауы қашықтықтан өтуде

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен             2020 жылдың  18 наурыз - 9 сәуір аралығында жалпы білім беру ұйымдарының      6-10 сынып оқушылары арасында  «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында  облыстық интернет - байқауы қашықтықтан өткізілуде.

Байқаудың мақсаты - өлкетану қызметін жандандыру жолымен өскелең ұрпақтың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру.

Байқау 3 номинация бойынша өткізіледі:

  • «Туған өлкенің табиғаты» номинациясы - слайд-презентация;
  • «Отан отбасынан басталады» номинациясы - фотобайқау;
  • «Қазақстанның болашағына саяхат» номинациясы - сурет байқауы.

Бүгінгі күні облыс бойынша 80-ге жуық оқушы электронды почта, әлеуметтік желілер арқылы өздерінің жұмыстарын ұсынуда. Байқау ағымдағы жылдың             9 сәуіріне дейін өзінің жалғасын табады. Байқау нәтижесі облыстық білім басқармасының сайтында жарияланатын болады.  

Облыстық  «Әлемтану» онлайн байқауы өтуде

         Жамбыл облысы  әкімдігі білім  басқармасының  ұйымдастыруымен      2020  жылы  19 – 5 сәуір аралығында  «Әлемтану» тақырыбында білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары  арасында облыстық  онлайн байқауы өткізілуде.

      Байқаудың мақсаты – берілген тапсырма бойынша эссе жаза отырып, жас ерекшеліктеріне қарай географиялық есептерді шығару арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін арттыру.  

31 наурызға дейін электронды пошта, ватсап желісі арқылы 63 оқушы жұмыстарын ұсынды. Байқау әлі жалғасуда.

Консоль отладки Joomla!

Сессия

Результаты профилирования

Использование памяти

Запросы к базе данных