Home-2 - Оқу-әдістемелік кабинет

Home-2

«Мектеп кітапханасында тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдіснамасын жетілдіру жолдары»   тақырыбында   облыстық вебинар өтті

   19 қазан күні  Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен   аудандар мен Тараз қалалық  білім бөлімдерінің әдіскерлері мен жалпы орта білім беретін мектептің кітапхана қызметкерлеріне арналған «Мектеп кітапханасында тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдіснамасын жетілдіру жолдары»    тақырыбында    вебинар  өтті.

Вебинар барысында «Кітапхана – ұлттық тәрбиенің қайнар көзі» тақырыбында Д.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкері Баймбетова Асель Жүсіпәліқызы, «Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы кітапхананың орны және рөлі» тақырыбында Назарбаев Зияткерлік мектебінің аға педагог-кітапханашысы  Журумбаева Асель Қуатбекқызы өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

          Аталған іс-шараға аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен 157 білім беру ұйымдарының кітапхана қызметкерлері қатысты.

«Қашықтықтан оқытуда қазақ тілі мен әдебиеті сабағында білім платформаларын тиімді қолдану жолдары» атты Қордай ауданындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған вебинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың 19 қазанында Қордай ауданындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне  арналған «Қашықтықтан оқытуда қазақ тілі мен әдебиеті сабағында білім платформаларын тиімді қолдану жолдары» тақырыбында  вебинар өтті. Іс-шараға 215 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.

Іс-шара барысында қашықтықтан оқыту форматындағы сабақтарды ұйымдастыру тәртібі, пәнді оқытудың ерекшеліктері, жиынтық жұмыстар тапсырмаларының құрылымы мен шектеу шаралары жағдайында оқыту кезеңіндегі қалыптастырушы бағалауды қолдану бойынша мәселелер талқыланды.

«Қашықтан оқыту жағдайында тарих пәнін оқытудың өзекті мәселелері  мен шешу жолдары» тақырыбында облыстық вебинар өтті

2020 жылдың  16 қазан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Қашықтан оқыту жағдайында тарих пәнін оқытудың өзекті мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбында облыстық вебинар өтті.

Іс-шараның мақсаты – пән мұғалімдеріне қашықтан оқыту жағдайында тарих пәнін оқытудың ерекшеліктері, білім беру платформаларын тиімді қолдануды ұйымдастыру жолдарын ұсыну.

Вебинар барысында педагогтарға қашықтан оқыту жағдайында тарих пәнін оқытудың ерекшеліктері, басшылыққа алынатын әдістемелік ұсынымдар, білім беру платформаларымен жұмыс түрлері, мүмкіндіктері туралы ұсынымдар беріліп, педагогтар өзара тәжірибе алмасты.

Облыстық вебинарға 11 әдіскер, 87 мұғалім, барлығы 98 педагог  қамтылды.

«Ауыл мектебі» жобасы аясында «Информатика пәні сабағында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау» тақырыбында вебинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың 16 қазан күні «Ауыл мектебі» жобасы аясында «Информатика пәні сабағында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау» тақырыбында Жамбыл ауданы, Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясы мен Байзақ ауданы, Н.Ақшабаев атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімдеріне арналған вебинар өткізілді.

Вебинарда білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін таңдау және әзірлеуге қойылатын талаптар, қашықтықтан оқыту жағдайында БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын құрастыру мен өткізудің тиімді әдістері мен тәсілдері талқыланды.

«Мектеп жұмысын жоспарлаудың педагогикалық негіздері» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар  өтті  

          Жамбыл облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  «Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының білім сапасын арттыру бойынша 2020-2021 оқу жылына арналған қадамдық іс-қимыл» жоспарының І бөлімінің 3 тармақшасына сәйкес жаңартылған білім мазмұнын енгізу жағдайында облыстағы жалпы орта білім беру мекемелерінің стратегиялық даму, жылдық оқу-тәрбие жоспарларына және әдістемелік бірлестіктердің жұмысын жоспарлауына қойылатын дидактикалық талаптарымен таныстыру  және бірыңғайлау мақсатында 2020 жылдың қазан  айының 14 жұлдызында «Мектеп жұмысын жоспарлаудың педагогикалық негіздері»  тақырыбында онлайн-семинар өтті.

          Аталған іс-шараға аудандар  мен Тараз қаласының білім беру бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері мен облыстағы жалпы және негізгі орта  мектептердің 257 басшылары  қатысты.

          Семинар жұмысына қатысушылар 2020-2021 оқу жылына арналған білім мекемелерінің стратегиялық даму, жылдық оқу-тәрбие жұмысы және  әдістемелік бірлестіктердің жоспарларының  нормативтік-құқықтық және педагогикалық тұрғыда дұрыс жоспарлануын, білім беру мекемесінің жұмысын жүйелі жоспарлау шарттарымен танысып, өзекті мәселелерді, ұсыныстарды, ескертулерді ортаға салып, пікір алмасты.

           Семинар барысында «Нәтижеге бағытталған білім беру парадигмасындағы  білім сапасының көрсеткіштері», «Жаңартылған білім беру мазмұнын  енгізу  жағдайында мектептің жылдық оқу-тәрбие жоспарының құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптар», «Білім сапасын қамтамасыз етудегі мектепішілік бақылаудың алатын орыны», «Білім сапасын қамтамасыз етудегі әдістемелік бірлестіктердің жұмысын жоспарлау ерекшеліктері»,  тақырыптарында ақпараттық сессиялар және «Мектептің даму жоспарын модельдеу» тақырыбында топтық жұмыс жүргізілді. 

          Ақпараттық сессиялар  барысында баяндаушы - «Шағын жинақталған мектептерді дамыту» бөлімінің меңгерушісі Ә.Әлімбекова нәтижеге бағытталған білім беру жүйесіндегі білім сапасының көрсеткіштерінің индикаторлары туралы толық ақпарат беріп, осы индикаторлардың мектепішілік бақылауға қою тәсілдерімен таныстырды.  Жоспарлаудың басты қағидалары талқыланды. Семинар барысында ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын жою жолдары қарастырылды. Мектептің жұмыс жоспарын құрастыру алгоритмі ұсынылды.

          Қазіргі таңдағы орта білім беру мекемелерінің жұмыс жоспарының құрылымының нобайын ұсынылды.

          Ақпараттық сессияның негізгі бөлімінде «Жоспары», «Жоспарлау», «Жоспардың түрлері» туралы ұғымдарға миға шабу стратегия арқылы талқылау жасалды.       

          Семинар барысында мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп, семинар ұсынысы қабылданды.

 

Консоль отладки Joomla!

Сессия

Результаты профилирования

Использование памяти

Запросы к базе данных