БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

«Қысқы мектеп» жобасы аясында биология пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сынып өтті

2019 жылдың 11 желтоқсанында zhambul_obl_metod бөлмесінде облыстық  үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектебінің биология пәнінің мұғалімдері «Биология пәні сабақтарында оқушылардың қызығушылығын арттырудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында онлайн режимінде шеберлік сыныбын өткізіп, биология пәні бойынша SMART-мақсат қою технологиясы, оқушылардың танымдық белсенділіктерін дамыту және қалыптастыру жолдарымен бөлісті, тәжірибе алмасты.

Аталған іс-шараға облыстың  265 педагогі қамтылды.

 

«Тәуелсіздік құндылықтары: өткенге тағзым, болашаққа аманат»   тақырыбында  облыстық ғылыми - тәжірибелік  конференция өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2019 жылдың 11 желтоқсан  күні  Мектеп олимпиадаларын  және  мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың базасында «16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік  күні» мемлекеттік мерекесіне арналған  «Тәуелсіздік құндылықтары: өткенге тағзым, болашаққа аманат»   тақырыбында  облыстық ғылыми - тәжірибелік  конференция өткізілді.

Конференция жұмысына ЖОО-ның ғалымдары, білім беру ұйымдарының басшылары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары  мен пән мұғалімдері, барлығы  210 педагог қатысты.

Конференция жұмысы барысында «Отансүйгіштік және азаматтық тәрбие беру мәселелерінің қазіргі жағдайы», «Ұлттық құндылықтар – ұрпақтар  сабақтастығының  өзегі» тақырыптарында секция жұмыстары жүргізілді.

«Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің емле ережесі» атты семинар-тренинг өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес 2019 жылдың 10 желтоқсанында қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия мақұлдаған жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емле ережесін (әріптердің емлесі, түбір сөздердің емлесі, қосымшалардың жалғануы, бөлек жазылатын сөздердің емлесі, бірге жазылатын сөздердің емлесі, дефиспен жазылатын сөздердің емлесі, бас әріптің емлесі,  қысқарған сөздердің емлесі, кейбір кирилл әріптері мен шеттілдік сөздер, сөздердің тасымалдануы) қолданудың тиімді жолдарын меңгеру мақсатында облыстық семинар-тренинг өтті.

«Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің емле ережесі»  тақырыбындағы облыстық семинар-тренингке аудандық (қалалық) білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты білім мекемелерінен 45 мұғалім қатысты.

Математика пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде семинар өтті

2019 жылдың 10 желтоқсанында Zhambil_Obl_Metod бөлмесінде «Өрлеу» біліктілікті  арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен бірлесе отырып, «Қалыптастырушы бағалау стратегияларын қолдану дағдыларын дамыту» тақырыбында математика пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде семинар өткізілді. Іс-шара барысында жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы  қалыптастырушы бағалауды тиімді жүзеге асыра отырып, жиынтық бағалау тапсырмаларын орындауда жоғары нәтижеге жетудің  тиімді  жолдарымен бөлісті, іс-тәжірибелерімен алмасты.

Аталған іс-шараға облыстың  441 педагогі қамтылды.

 

«Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендірудегі «Өзін-өзі тану» пәнінің мүмкіндіктері» тақырыбында онлайн семинар-практикум өтті

          Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2019 жылы 4 желтоқсан күні «Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендірудегі «Өзін-өзі тану» пәнінің мүмкіндіктері» тақырыбында облыстық онлайн семинар-практикум өтті. Семинар-практикум барысында «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдеріне ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетіліп, электронды  таратпалы материалдар берілді.

          Аталған іс-шараға барлығы 324 педагог қатысты.

Консоль отладки Joomla!

Сессия

Результаты профилирования

Использование памяти

Запросы к базе данных