Оқу-әдістемелік кабинеті туралы - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқу-әдістемелік кабинеті туралы

"Сабақты тиімді жоспарлау", "Эффективное планирование урока" тақырыбында 5-11 сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдеріне арналған вебинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Педагогикалық шеберлік орталығы Тараз қаласындағы филиалымен бірлесе отырып, 2020-2021 оқу  жылына  арналған  жаңартылған орта білім мазмұнын енгізу жағдайында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің  іс-тәжірибесін орта білім беру ұйымдарына трансляциялау бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ағымдағы жылдың   23 қарашасы күні жалпы орта білім беретін мекемелердің 5-11 сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдеріне арналған "Сабақты тиімді жоспарлау", "Эффективное планирование урока" тақырыбында вебинар өтті.

Zoom  платформасы арқылы өткен вебинарға   470 педагог қатысты.

Іс-шара барысында білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыру, жобалау алгоритмнің қадамдары, «Кері дизайн» әдісін тәжірибеде тиімді қолдану жолдары, сабақты жоспарлау мен саралап оқытудың әдіс-тәсілдері  талқыланды. 

«Күзгі мектеп» жобасы аясында тарих пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде онлайн вебинар өтті

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  2020 жылдың 20 қарашасында  адресті көмек көрсету бағдарламасы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету негізінде бекітілген «Күзгі мектеп» жобасы аясында өтілген іс-шараларды қорытындылау мақсатында Айша бибі атындағы облыстық дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының  озық тәжірибелі тарих пәнінің мұғалімдері «Жас мамандармен тәлімгерлік жұмыс тәжірибесінен» тақырыбында онлайн вебинар өткізді. Аталған іс-шараға облыстың 222 педагогі қамтылды.

«Күзгі мектеп» жобасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде онлайн вебинар өтті

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  2020 жылдың 23 қарашасында  адресті көмек көрсету бағдарламасы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету негізінде бекітілген «Күзгі мектеп» жобасы аясында өтілген іс-шараларды қорытындылау мақсатында облыстық  дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының озық тәжірибелі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері «Жас мамандармен тәлімгерлік жұмыс тәжірибесінен» тақырыбында онлайн вебинар өткізді. Аталған іс-шараға облыстың 256 педагогі қамтылды.

«Күзгі мектеп» жобасы аясында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде онлайн вебинар өтті

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  2020 жылдың 20 қарашасында  адресті көмек көрсету бағдарламасы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету негізінде бекітілген «Күзгі мектеп» жобасы аясында өтілген іс-шараларды қорытындылау мақсатында үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің  озық тәжірибелі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері «Жас мамандармен тәлімгерлік жұмыс тәжірибесінен» тақырыбында онлайн вебинар өткізді. Аталған іс-шараға облыстың 235 педагогі қамтылды.

«Қазақстан Республикасының Конституциясы: тұрақты даму мен кемел келешектің кепілі» тақырыбындағы тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған облыстық педагогикалық оқулар өтті

2020 жылдың  20 қараша күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы  аясында «Қазақстан Республикасының Конституциясы: тұрақты даму мен кемел келешектің кепілі» тақырыбындағы тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған облыстық педагогикалық оқулар өтті.

Іс-шараның мақсаты – педагогтардың әдістемелік және кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, тәжірибе алмасу.

Педагогикалық оқулар барысында Ата Заңымыздың қабылдану тарихы, негізгі баптары, құқықтық сауаттылық бағытындағы бастамалар, мемлекетіміздің демократиялық дамуындағы маңыздылығы мен рөлі туралы баяндамалар жасалды.

Іс-шараға ЖОО-ның ғалымдары, тарих пәнінің мұғалімдері, білім бөлімінің әдіскерлері, барлығы 52  педагог қатысты.

Педагогикалық оқулардың нәтижесінде Меркі ауданы И.Трубицын атындағы №17 мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Ж.Тұрсынов               І орынды, Тараз қаласы №56 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Қ.Искаков, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі С.Баетова ІІ орындарды, Меркі ауданы В.Савва атындағы                                  №9 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі  С.Кушанова, Тараз қаласы                №33 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі А.Абишева, Меркі ауданы И.Трубицын атындағы №17 мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Г.Суталиева ІІІ орындарды иеленді.

Консоль отладки Joomla!

Сессия

Результаты профилирования

Использование памяти

Запросы к базе данных