ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету - Оқу-әдістемелік кабинет

ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

Жетекші  мектептерге арналған  облыстық тәжірибелік семинар мен дөңгелек үстел өтті

2020 жылдың  17 қаңтар күні облыстық оқу-әдістемелік кабинеті  Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесе отырып, жаңартылған  білім мазмұнын енгізу бойынша мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығының қызметтеріне және ДББҰ  Назарбаев Зияткерлік мектептерінің іс-тәжірибесін табысты тарататын Жетекші мектептерінің тренерлері мен үйлестірушілеріне «Сабақты зерттеу» тәсілін оқыту мен оқу тәжірибесіне тиімді енгізу жолдары»  тақырыбында тәжірибелік семинар және  «Жаңартылған білім мазмұны – біздің ортақ мақсатымыз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.          

         Тараз қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының базасында өткен іс-шараға 52  педагог катысты.

Іс-шара барысында  қатысушылар Жетекші мектеп қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету, мектеп тренерлерінің ұйымдастыруымен жүргізілетін зерттеулер, мұғалімдердің кері байланыс жүргізу дағдыларын жетілдіру тәсілдері,  сабақты зерттеу (Lesson study)  тәсілін үдеріске тиімді ендіру жолдары бойынша тәжірибе алмасты.

 «Мектепалды даярлық топтарында білім беру үдерісін 4К моделі негізінде құру» тақырыбында облыстық семинар өтті

2020 жылдың 15 қаңтар күні облыстық оқу-әдістемелік кабинеті мен Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалымен бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне жауапты аудандық\қалалық әдіскерлерге арналған облыстық семинар өткізілді.

Іс-шараның мақсаты - мектепалды даярлық топтарында ұйымдастырылған оқу қызметін 4К моделі негізінде жоспарлаудың маңыздылығын түсіндіру.

Аталған іс-шараға Тараз, Жуалы, Жамбыл, Талас аудандары бойынша 9 әдіскер қамтылды.   

БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ПЕДСТАРТ»МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНДА ОБЛЫСТЫҢ 30  ПЕДАГОГІ ЖЕҢІМПАЗ  АТАНДЫ

2020  жылдың  6-8 қаңтар аралығында  Нұр-Сұлтан қаласында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш мектепте олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері» тақырыбындағы  республикалық оқу-әдістемелік семинар аясында Республикалық «ПедСтарт» математикалық олимпиадасы өтті. 

Олимпиаданың мақсаты:  бастауыш мектеп мұғалімдерінің жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау қабілетін жақсарту, мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту, педагог мамандығының мәртебесін арттыру.

Аталған  іс-шараға  Жамбыл  облысынан  35 мұғалім қатысып, нәтижесінде 30 педагог (І орынды   1,  ІІ орынды  3,  ІІІ орынды 18 мұғалім,  алғыс хаттармен  8 мұғалім) жеңімпаз атанды. 

Ұстаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!

Математика, физика және информатика пәні мұғалімдерінің II Халықаралық ашық шығармашылық байқауында ұстаздарымыз жеңімпаз атанды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық    ғылыми – практикалық      орталығының ұйымдастырумен   

2020 жылдың 8-12 қаңтар күндері Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері мұғалімдерінің арасында II Халықаралық ашық шығармашылық байқауы өтті.

Тараз қаласы №49 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі Муратбаев Айбек Серикович III орынды, Тараз қаласы  №45 қазақ классикалық гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Кеңесов Бауыржан Бақытжанұлы, дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей – интернатының  физика пәнінің мұғалімі Ажибаев Жамбыл Куандыкович, ерекше дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернатының информатика пәні мұғалімі Сарыбаев Мақсат Махмудұлы жүлделі                IV  орындарды иеленді.

Педагогтарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!

Мектепке дейінгі ұйым педагогтары арасында «Жүрегімді балаларға арнаймын»  облыстық  фестиваль өтті

2019  жылдың  20 желтоқсан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Жамбыл ауданы, «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасының базасында мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің қатысуымен «Жүрегімді балаларға арнаймын» атты облыстық фестиваль өтті.

Фестивальдің мақсаты – педагогтердің мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие мен білім берудегі озық іс-тәжірибелерін насихаттау.

Облыстық фестивальдің жеңімпаздары арнайы дипломдармен марапатталды.

Консоль отладки Joomla!

Сессия

Результаты профилирования

Использование памяти

Запросы к базе данных