БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

«Қысқы мектеп» жобасы аясында физика пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде оқыту семинары өтті

2020 жылдың 23 қаңтарында zhambul_obl_metod бөлмесінде облыстық  үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің физика пәні мұғалімдері «Физика сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында онлайн режимінде оқыту семинарын өткізіп, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың тиімді әдістері, жолдарымен бөлісе отырып, тәжірибе алмасты.

Аталған іс-шараға облыстың  309 педагогі қамтылды.

«Дін мен ғылымның сабақтастығы» тақырыбында облыстық онлайн дәріс өтті

2020 жылдың 23 қаңтар күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті, Жамбыл облысы дін істері басқармасы, дін проблемаларын зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Дін мен ғылымның сабақтастығы» тақырыбында облыстық онлайн дәріс өткізілді.

Дәріске облыстағы «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсынан сабақ беретін мұғалімдер, 9-11 сынып оқушылары, барлығы 321 педагог, 2784 оқушы қамтылды.

Іс-шараның мақсаты - білім алушылардың дін саласындағы өзекті мәселелер туралы білімдерін қалыптастыру.

Іс-шара барысында білім алушыларға дін мен ғылымның сабақтастығы, дінтану ғылымының қалыптасу тарихы, кешенді ғылым ретіндегі маңызы, даналық ілімі туралы дәріс оқылып, түсінік берілді.

Жетекші  мектептерге арналған  облыстық тәжірибелік семинар мен дөңгелек үстел өтті

2020 жылдың  17 қаңтар күні облыстық оқу-әдістемелік кабинеті  Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесе отырып, жаңартылған  білім мазмұнын енгізу бойынша мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығының қызметтеріне және ДББҰ  Назарбаев Зияткерлік мектептерінің іс-тәжірибесін табысты тарататын Жетекші мектептерінің тренерлері мен үйлестірушілеріне «Сабақты зерттеу» тәсілін оқыту мен оқу тәжірибесіне тиімді енгізу жолдары»  тақырыбында тәжірибелік семинар және  «Жаңартылған білім мазмұны – біздің ортақ мақсатымыз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.          

         Тараз қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының базасында өткен іс-шараға 52  педагог катысты.

Іс-шара барысында  қатысушылар Жетекші мектеп қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету, мектеп тренерлерінің ұйымдастыруымен жүргізілетін зерттеулер, мұғалімдердің кері байланыс жүргізу дағдыларын жетілдіру тәсілдері,  сабақты зерттеу (Lesson study)  тәсілін үдеріске тиімді ендіру жолдары бойынша тәжірибе алмасты.

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мамандарының, оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлерінің, 2020 жылдың 21 қаңтарында           Нұр-Сұлтан қаласында жаңартылған білім беру мазмұнының бағдарламасы бойынша 9  сыныптардың қорытынды аттестаттауын бағалау, ұйымдастыру және өткізу құралдарын әзірлеу бойынша біліктілік арттыру курсынан өткен мұғалімдердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел барысында 9 сыныптардың қорытынды аттестаттауы бойынша тапсырмаларды әзірлеу мәселелері талқыланды.

Іс-шараға 22 педагог қатысты.

 «Мектепалды даярлық топтарында білім беру үдерісін 4К моделі негізінде құру» тақырыбында облыстық семинар өтті

2020 жылдың 15 қаңтар күні облыстық оқу-әдістемелік кабинеті мен Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалымен бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне жауапты аудандық\қалалық әдіскерлерге арналған облыстық семинар өткізілді.

Іс-шараның мақсаты - мектепалды даярлық топтарында ұйымдастырылған оқу қызметін 4К моделі негізінде жоспарлаудың маңыздылығын түсіндіру.

Аталған іс-шараға Тараз, Жуалы, Жамбыл, Талас аудандары бойынша 9 әдіскер қамтылды.   

Консоль отладки Joomla!

Сессия

Результаты профилирования

Использование памяти

Запросы к базе данных