Категория 1 - Оқу-әдістемелік кабинет

Категория 1

«Оқытудағы кедергілер және одан шығу жолдары, ҰБТ тапсырмаларының ерекшеліктері» тақырыбында облыстық  онлайн семинар өтті

Жамбыл  облысы әкімдігі білім басқарқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 20 мамырында орыс тілі пәні мұғалімдері үшін «Zhambil_Obl_Metod» бөлмесінде «Оқытудағы кедергілер және одан шығу жолдары, ҰБТ тапсырмаларының ерекшеліктері» тақырыбында онлайн режимінде  облыстық семинар өтті.

Аталған іс-шараға 397 педагог  қатысты.

Іс-шара барысында педагогтарға ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді.

         

«Менің ОтанымҚазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың облыстық слет өткізілді

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен       2019 жылдың 17 мамыр күні «Менің ОтанымҚазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың облыстық слеті  Жамбыл ауданы, Ақбұлым ауылы, Б.Бесбаев мектеп-гимназиясының базасында және  Қарасай шатқалында өткізілді.

Менің ОтанымҚазақстан» Білім беру ұйымдарындағы оқушылардың отаншылдық сезімдерін дамыту, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен  салауатты  өмір  салтын  насихаттау.

         Слет келесі блоктар мен номинациялар бойынша өткізілді:

       «Команданың визит карточкасы» байқауы, «Туған өлке соқпақтары» номинациясы, «Экологиялық есеп беру» – экологиялық экспедицияның презентациясы, «Экологиялық соқпақ» соқпағын өте отырып, жергілікті жерге бақылау және зерттеу жүргізуі, дәрілік өсімдіктерді зерттеуі, «Біріктірілген туризм» бұнда кросс-жорық жүргізілді. Кросс-жорық туристік жорық ретінде өткізілді, оған туристік техника және тактика, бағдарлау, топография, алғашқы медициналық көмек көрсету, жартасқа шығу және құтқару жұмысының элементтері кіреді. Бағдар кезінде топ өз бетінше қашықтықты қауіпсіз өту жолдары мен тактикасын таңдап, әр түрлі қиындықтарды жеңуге машықтанады.

      Аталған іс-шараға барлығы 135  оқушы  қатысты.                                                      

«Көшбасшы әдіскер» атты облыстық байқауы өтті

2019 жылдың 15-17 мамыр күндері облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Көшбасшы әдіскер» облыстық байқауы өтті. Байқауға бөбекжай-бақшалардан, шағын орталықтардан және жекеменшік балабақшалардан барлығы 26 педагог қатысып, өзара білімдерімен сайысқа түсті.

Байқаудың мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдардағы әдіскерлердің кәсіби шығармашылығын ынталандыру, жағымды әлеуметтік және кәсіби келбетін қалыптастыру.

Облыстық байқаудың жеңімпаздары арнайы дипломдармен марапатталды.

  «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПСИХОЛОГІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ  БАЙҚАУ  ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес 2019 жылдың 13 мамыр күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің базасында  білім беру жүйесінде шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, педагог-психологтарды анықтау, қолдау және ынталандыру мақсатында  «Жылдың үздік психологі» атты облыстық  сырттай байқау өткізілді.

         Байқауға  3 жыл, 3-7 жыл, 7 жылдан жоғары еңбек өтілі бар 17 педагог-психологтар қатысты.   

Үш категория бойынша іріктелген облыстық байқауға қатысушы         педагог-психологтар «Психолог тұғырнамасы», «Авторлық бағдарламаның таныстырылымы», «Психолог тәжірибесінен» кезеңдерінде шығармашылық жұмыстарын ұсынды.

          Қазылар алқасы педагог-психологтардың өз саласының теориясы мен әдістемесіне, кәсіби шеберлігінің деңгейі мен қызметінің қазіргі заман талабына  сай ерекшеліктеріне және тәжірибеде педагогикалық-психологиялық талаптардың сақталуына ерекше назар аударды.

Облыстық байқауда жеңімпаз атанған педагог-психологтар республикалық кезеңге қатысатын болады.

«Жалпы білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын жетілдіру және жасөспірімдер  арасында құқықбұзушылықтың  алдын алу жұмыстарын  ұйымдастырудың  негізгі бағыттары» тақырыбында  аймақтық әдістемелік семинар өтті

2019  жылдың 17 мамыр   күні   Шу ауданы, С.Сейфуллин  атындағы  орта мектебінің базасында директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен директордың құқықтық ісі жөніндегі орынбасарларына  және педагог психологтарға арналған  «Жалпы білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын жетілдіру және жасөспірімдер  арасында құқықбұзушылықтың  алдын алу жұмыстарын  ұйымдастырудың  негізгі бағыттары» тақырыбында  аймақтық  әдістемелік  семинар  өтті, барлығы  123  педагог  қатысты.  

Әдістемелік семинарға қатысушылар тәрбиенің басым  бағыттары және психологиялық қызметті жетілдіру бағыты бойынша әдістемелік көмектер алды, тиімді әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті, тәжірибе алмасты және таратпалы материалдармен  қамтамасыз  етілді.