Категория 1 - Оқу-әдістемелік кабинет

Категория 1

4-сыныптарға  сабақ беретін бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған секция отырыстары өткізілді

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесе отырып, 2019 жылдың 26 тамыз   күні білім қызметкерлерінің тамыз конференциясы аясында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған секция отырыстарын өткізді.

Тараз   қаласы   А.С.Пушкин  атындағы №41 көпсалалы  гимназиясының базасында  өткен іс-шараға  548  педагог  қамтылды.

          Аталған секция жұмыстарында Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі және А.С.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназиясының мұғалімдері  ОӘК-мен жұмыс,  төртінші сыныптағы оқу пәндерінің мазмұны мен құрылымының ерекшеліктері,  критериалды бағалау аясындағы қалыптастырушы  және жиынтық бағалаудың тапсырмаларын дайындаудың негізгі тәсілдері бойынша шеберлік сыныптарын, Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалы жаттықтырушылары   жаңартылған білім мазмұнын енгізу шеңберінде дифференциалды білім беруді  ұйымдастыру бойынша семинар-практикумдар сериясын өткізді.   

        Іс-шара барысында бастауыш сынып мұғалімдері  электронды  дидактикалық таратпалы  материалдармен қамтамасыз етілді.

Білім беру мазмұнын жаңарту аясында Жамбыл облысы бойынша мектепалды даярлық сынып педагогтарына арналған тамыз педагогикалық кеңесінің секциялық отырысы өтті

2019 жылы 26 тамыз күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Тараз қаласындағы филиалы Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесе отырып, «Жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде мектепалды даярлық сыныптарында білім беру үдерісін модельдеу» тақырыбында мектепалды даярлық сынып педагогтарына арналған облыстық тамыз педагогикалық кеңесінің секциялық отырысы өтті. Аталған іс-шараға облыс бойынша 240 педагог қатысты.

Секция отырысында мектепалды даярлық топтары мен сыныптарда білім беру үдерісін ұйымдастырудың жаңа тәсілдері туралы ақпарат беріліп, педагогтар электронды дидактикалық таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.

«БІЛІМ – ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУДАҒЫ ТАБЫСТЫҢ КІЛТІ» тақырыбында қоғамдық пән мұғалімдеріне арналған облыстық онлайн режимінде өткізілген Тамыз кеңесінің секция отырысы өтті.

2019 жылдың 12 тамызында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен        қоғамдық пән мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін қамтамасыз ету мақсатында «Білім – қоғамдық сананы жаңғыртудағы табыстың кілті» тақырыбында облыстық Тамыз кеңесінің секция отырысы өтті.

Облыстық тарих секция отырысына облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, оқу пәндері бойынша жетекшілік ететін мамандар, облыстық білім басқармасына қарасты мамандандырылған білім беру ұйымдарының, жалпы орта білім беретін мектептердің тарих, қоғамтану пәнінің мұғалімдері, барлығы 289 педагог қатысты.

Секция отырысында 2019-2020 оқу жылында оқу үрдісінде педагогтарға номативтік-құқықтық қамтамсыз ету, жаңартылған білім беру мазмұны мен 9,10 сыныптардағы оқу бағдарламалары,                       10 сыныптарға енгізілген «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінің жүрзілуі мен оның ерекшеліктері туралы ақпарат пен әдістемелік ұсынымдар берілді. Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу жағдайында Тараз қаласы №46 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Н.Саурыкова «Қазақстан тарихы пәнінен оқу бағдарламасы негізінде білім алушылардың бойында қалыптасатын дағдыларды меңгерту жолдары» тақырыбында ақпараттық дайджест жасап, іс-тәжірибесімен бөлісті.

«Оқу пәндерінің мазмұнында жалпыадамзаттық құндылықтардың интеграциясы» тақырыбында «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдеріне арналған облыстық онлайн режимінде Тамыз кеңесінің секция отырысы өтті.

               2019 жылдың 15 тамызында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен пән мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру мақсатында «Оқу пәндерінің мазмұнында жалпыадамзаттық құндылықтардың интеграциясы» тақырыбында Тамыз кеңесінің секция отырысы өтті.

          Облыстық «Өзін-өзі тану» пәні секция отырысына аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, пән мұғалімдері барлығы 482 педагог қатысты.

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған  «Оқу жетістіктерін критериалды бағалау бастауыш сынып оқушылардың құзыреттілігін арттыру ресурсы ретінде»  тақырыбында секция отырысы өтті

2019 жылдың 15 тамыз  күні  «Оқу жетістіктерін критериалды бағалау бастауыш сынып оқушылардың құзыреттілігін арттыру ресурсы ретінде»   тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық  онлайн  тамыз кеңесінің секция отырысы өтті.

Іс-шара  барысында бастауыш сынып мұғалімдері  критериалды бағалау жолдарын меңгеру кезіндегі мұғалімнің негізгі міндеттері, пәндерді оқытудағы  жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдары мен саралау тәсілдері бойынша тәжірибе алмасып, электронды дидактикалық таратпалы  материалдармен қамтамасыз етілді. Аталған іс-шараға  792   педагог  қатысты.