Категория 1 - Оқу-әдістемелік кабинет

Категория 1

«Жалпы білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын жетілдіру және жасөспірімдер  арасында құқықбұзушылықтың  алдын алу жұмыстарын  ұйымдастырудың  негізгі бағыттары» тақырыбында  аймақтық әдістемелік семинар өтті

2019  жылдың 17 мамыр   күні   Шу ауданы, С.Сейфуллин  атындағы  орта мектебінің базасында директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен директордың құқықтық ісі жөніндегі орынбасарларына  және педагог психологтарға арналған  «Жалпы білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын жетілдіру және жасөспірімдер  арасында құқықбұзушылықтың  алдын алу жұмыстарын  ұйымдастырудың  негізгі бағыттары» тақырыбында  аймақтық  әдістемелік  семинар  өтті, барлығы  123  педагог  қатысты.  

Әдістемелік семинарға қатысушылар тәрбиенің басым  бағыттары және психологиялық қызметті жетілдіру бағыты бойынша әдістемелік көмектер алды, тиімді әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті, тәжірибе алмасты және таратпалы материалдармен  қамтамасыз  етілді.

«Туған өлке – тұнған шежіре» атты облыстық онлайн сабағы өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 15 мамырында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Туған өлке – тұнған шежіре» атты облыстық онлайн сабағы өткізілді.

  Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа өз өлкесін таныту, ұлттық құндылықтарды насихаттау, Тараз қаласы мен облыс аудандары арасында өлке мәдениеті мен тарихын таныстыру.

Онлайн сабаққа жалпы орта білім беретін мектептердің 3650 оқушылары қамтылды.  

  Іс-шара барысында Жамбыл ауданы Б.Бесбаев атындағы                                 мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Бахытов Серік Бахытұлы «Өркені өскен өлке» тақырыбында өлкені таныту мақсатында оқушыларға Жамбыл ауданының тарихи-мәдени, археологиялық орындары туралы ақпарат беріп, педагогтарға өлке тарихына байланысты қосымша дерекнамалық, дидактикалық материалдар ұсынылып, өзара тәжірибе алмасуына ықпал етті.

«Өзін-өзі тану» пәнінің үздік мұғалімі» атты облыстық байқау өтті

2019 жылдың 16 мамыры күні  Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен  «Өзін-өзі тану пәні» педагогтарының арасында «Өзін-өзі тану» пәнінің үздік мұғалімі» атты облыстық байқау өтті. Аталған іс-шараға 10 педагог қатысып, нәтижесінде Т.Рысқұлов ауданы  Ю.Гагарин негізгі мектебінің мұғалімі А.Қожамқұлова бас жүлдені, Жуалы ауданы №26 Жаңаталап орта мектебінің мұғалімі Б.Сатыбалдиева бірінші орынды, Меркі ауданы №16 жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Н.Бірәлі, Сарысу ауданы Ақтоғай орта мектебінің мұғалімі Д.Жексенбина екінші орындарды, ал Тараз қаласы №45 қазақ классикалық гимназиясының мұғалімі А.Рахманбердиева, Талас ауданы Б.Тоқтықожаұлы атындағы орта мектебінің мұғалімі А.Молдабекова, Мойынқұм ауданы М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінің мұғалімі А.Жанатова үшінші орындарды иеленді.

Республикалық Дінтану пәндік олимпиадасында облысымыздың оқушылары жүлдегер атанды

2019 жылдың  14-15 мамыр күндері жалпы орта білім беретін мекемелердің 11 сынып оқушылары арасында Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен өткен ІV Республикалық Дінтану пәндік олимпиадасында облысымыздың оқушылары бақтарын сынады.

Дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау көрсету мақсатында өткен олимпиадаға  Қазақстанның барлық облыстарынан қатысқан 33 оқушыдан Байзақ ауданы, Бурыл орта мектебінің оқушылары Қарахан Мерей жүлдегер атанса, Барбосынова Ақерке мақтау қағазымен марапатталды.  Олимпиада жүлдегері Қарахан Мерей Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне квота негізінде білім алуға мүмкіндік алды.