Категория 1 - Оқу-әдістемелік кабинет

Категория 1

«Білім сапасын және қорытынды аттестаттауға дайындықты арттыру» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті

2019 жылдың 19 сәуір күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен        қорытынды аттестаттауға дайындықты арттыру мақсатында негізгі пәндер бойынша облыстық онлайн семинар өтті.

Облыстық онлайн семинарға бастауыш сыныпқа сабақ беретін мұғалімдер мен 11 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, тарих, математика), барлығы 1890  педагог қатысты.

Семинар жұмыстарында білім сапасы мен қорытынды аттестаттауға дайындықты арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған шеберлік сыныптары өткізіліп, электронды таратпалы материалдар ұсынылды.

 «Менің бастауым - менің ауылыма» тақырыбында облыстық әлеуметтік  жобалар байқауы өтті.

2019 жылдың 19 сәуір күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының 5-11 сынып оқушылары арасында балаларды ауыл өміріне қатысу құқығын қамтамасыз ету және әлеументтік маңызы бар жобаларға тарту мақсатында «Менің бастауым - менің ауылыма» тақырыбында облыстық әлеуметтік  жобалар байқауы өткізілді. Байқауға жалпы 17 мектеп оқушыларының жұмысы қабылданды. Байқауға барлығы 19 оқушы қатысты.Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдармен марапатталды.

Республикалық математика пәні мұғалімдерінің «Математикалық регата» олимпиадасында  ұстаздарымыз  III орынды  иеленіп  жеңімпаз атанды

 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 17-18 сәуір күндері Ақтау қаласында математика  пәні мұғалімдерінің «Математикалық регата» олимпиадасы өтті.

 Олимпиаданың мақсаты- педагогтің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуде ұмтылысын арттыру.

Олимпиада мазмұны кәсіби білім беру аясында педагог тұлғасының шығармашылық өзін-өзі анықтау және білім беру үрдісінде кәсіби педагогикалық шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін конкурс тапсырмаларын қарастырды. Олимпиада төрт кезеңнен өтті. Әр кезең - үш тапсырманың ұжымдық шешімінен тұрды. Бірінші тапсырма - математикалық анализ негіздерінен немесе алгебрадан тұрады, екінші тапсырма – геометрия, үшінші тапсырма – логикалық, комбинаторлық немесе «сандық». Әрбір кезең барлық тапсырмалардың ұжымдық жазбаша шешімінен тұрды.

 Республика бойынша жалпы 19 команда қатысып, жүлделі 1- орынды РФМШ, 2- орындарды Ақтөбе облысы, Нұр-Сұлтан қаласы, 3 орындарды Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облысының командалары иеленді. Олимпиада қорытындысы бойынша облысымыздан қатысқан командалық есепте III-орынды иеленген жеңімпаздарымызды атап айтсақ:

- Тараз қаласы ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі Рысбаев Жомарт Бейбітханұлы;

- Тараз қаласы  №49 Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі Мұратбаев Айбек Серікұлы;

- Тараз қаласы Тараз қаласы №49 Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының математика пәні Қайырбай Сұлтанғазы Құрманғазыұлы;

- Байзақ ауданы С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Абдураимов Жайлыбай.

Педагогтарымызды жеңістерімен құттықтаймыз.

Облыстық «Менің кіші Отаным» атты жас тарихшылардың интеллектуалдық байқауы өтті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2019 жылдың 17 сәуір күні 8-11 сынып оқушылары арасында облыстық  «Менің кіші Отаным» атты жас тарихшылардың интеллектуалдық байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты оқушыларды туған өлкенің тарихын, мәдениетін және рухани мұрасын зерттеуге тарту, өскелең ұрпақты жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.   

Облыстық байқауға барлығы 60 оқушы қатысты.

Оқушылар байқаудың теориялық бөлімінде тест тапсырмаларын орындап, тәжірибелік бөлімінде туған өлкесінің тарихы бойынша зерттеу жұмыстарының презентациясын қорғады.

Облыс байқауының жеңімпаздары 4 номинация бойынша республикалық кезеңге жолдама алды.

Облыстық байқаудың қорытынды бөлімінде жеңімпаздарға   дипломдар, алғыс хаттар табысталды.

Мұражайда өткен сабақтар – өлкетану бастауы

2019 жылдың сәуір айында Тараз қаласының мектептерінен  5,6,7 сыныптар бойынша Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, география пәндерінен жылдық оқу бағдарламасының  5 сағаты мұражайларда, мәдени ұйым салаларында, тарихи ғимараттарда (мектептен тыс жерлерде) 37 мектептен 93 сабақ өткізіліп 1800 оқушы қамтылды.  

Аталған пәндердің 48 сабағы «Көне Тараз»-археологиялық мұражайы мен  Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайында, 14 сабақ М.Әуезов атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы мен Абай Құнанбаев,  Шоқан Уалиханов Д.Қонаев кітапханалары мен Баласағұн мәдениет үйімен, Бауыржантану орталығында  өткізілді. Сонымен қатар 26 сабақ тарихи ғимараттарда (Қарахан кесенесі, Айша бибі кесенесі, Жамбыл,  Б.Момышұлы ескеркіші, «Төрткөл» керуен сарайы, Керей Жәнібек ескерткіші), 5 сабақ қалалық метериологиялық орталық пен  орталық саябақтарда және картинка галереясында өткізілді.

Тарихи орындар мен мұражай сабақтары барысында  оқушылар  өлкесін жаққыннан тануға мүмкіндік алды, сондай-ақ мұражай экспонаттарымен танысу балалардың тарихи-өлкетануына, оның табиғаты мен  мәдениетін  тереңінен дамытуға әсерін тигізді. Ұлттық  мұра-мұрағаттарды, жәдігерлер көру арқылы рухани құндылықтарды қадірлеуге, отансүйгіштік,  адамгершілік  сияқты  баға  жетпес  құндылықтарды қалыптастырып, өз туған жерінің табиғатын қадірлеу қасиеттерін дамытады.