Категория 1 - Оқу-әдістемелік кабинет

Категория 1

«Тәжірибедегі рефлексия: табысты тәжірибе  (Action Research)» тақырыбында облыстық  семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесе отырып, 2019  жылдың  16 мамыр  күні «Тәжірибедегі рефлексия: табысты тәжірибе  (Action Research)»  тақырыбында   мектеп тренерлеріне  арналған облыстық  семинар    өткізді.  

      Педагогикалық шеберлік орталығы Тараз қаласындағы филиалының базасында  өткен іс-шараға 66  педагог қызметкерлері қатысты.

Іс-шара бағдарламасына сәйкес қатысушылар аналитикалық жазбаның құрылымдары, курстан кейінгі қолдау көрсету арқылы мұғалімдердің рефлексия жазу дағдыларын дамыту жолдары, тәлімгерліктің негізгі сипаттамасы,  құнды нәтижеге жеткізетін іс-әрекеттер бойынша тәжірибе алмасты.  

Академик А.Жұмаділдаев атындағы халықаралық    математика пәні мұғалімдерінің олимпиадасында  ұстаздарымыз жеңімпаз атанды

 2019 жылдың 13 - 15 мамыр күндері Қызылорда қаласында «Қазақстандық математика мұғалімдері  қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің  ұйымдастырумен   18-35 жас аралығындағы математика пәні мұғалімдері үшін академик А.Жұмаділдаев атындағы олимпиадасы өтті.

 Олимпиада мақсаты – жастардың білімге құштарлығын ояту,  шығармашылық қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін оята отырып танымдық қабілеттері мен ой өрісін арттыру.

 Олимпиада мазмұны кәсіби құзіреттіліктерді оңтайлы игергенін және білім беру үрдісінде кәсіби педагогикалық шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін олимпиада тапсырмаларын қарастырды. Олимпиада теориялық, методикалық есептерден тұратын екі бөлім қарастырылған.

 Олимпиада қорытындысы бойынша:

  • Тараз қаласы №49 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі Муратбаев Айбек Серикович жүлделі II – орын;
  • Облыстық ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған Дарын мектеп-интернатының математика пәні мұғалімі Рысбаев Жомарт Бейбитханович жүлделі III – орын.

Сонымен қатар Тараз қаласы Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының математика пәні мұғалімі Кеңесов Бауыржан Бақытжанұлы мен облыстық Айша-бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі Киікбаева Жаңагүл Даулетқызы алғыс хаттармен марапатталды.

Педагогтарымызды жеңісімен құттықтаймыз!

«Бастауыш сыныптарда білім сапасын арттырудың өзекті мәселелері  мен шешу жолдары» тақырыбында  облыстық дөңгелек үстел өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті  2019 жылдың 14 мамыр күні  «Бастауыш сыныптарда білім сапасын арттырудың өзекті мәселелері  мен шешу жолдары»  тақырыбында  дөңгелек үстел өткізді.

Аталған іс-шараға  50   педагог  қатысты.

Іс-шара  барысында бастауыш сынып мұғалімдері  сабақтың мақсатына сәйкес  қалыптастырушы  бағалау  мен кері байланысты жүргізу, бөлім бойынша жиынтық бағалау негізінде рубрика жазу, тоқсандық жиынтық бағалау  бойынша модерация жүргізу тәртібі, жүйелік-әдістемелік кешенге (http://smk.edu.kz)   тіркелу,  ЖӘК материалдармен жұмыс жасау, пәндерді оқытудағы  жаңа әдіс-тәсілдері мен заманауи білім беру ресурстарын тиімді қолдану жолдары  бойынша тәжірибе алмасып, электронды таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.

Дөңгелек  үстелдің соңында  мұғалімдер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға нақты жауап алды.

Облыстың математика және физика пәнінің мұғалімдеріне ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

2019 жылдың 15 мамырында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім - Инновация»   мектеп-интернатының базасында  облыстың математика, физика пәні мұғалімдеріне «Сабақты зерттеу – мұғалімнің  кәсіби дағдыларын   жетілдіру   тәсілі   ретінде»   атты ғылыми-практикалық конференция  өткізілді. 

Ғылыми-практикалық конференцияның мақсаты – математика, физика пәні мұғалімдерінің шығармашылық, кәсіби құзіреттілік деңгейлерін арттыру.

Ғылыми-практикалық конференцияның жұмыс мазмұны пленарлық және секциялық отырыс форматында өтіп, конференцияға қатысушылар 2 бағытта жұмыс жүргізді.

Конференция барысында математика және физика пәні мұғалімдері оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында сабақты зерттеу әдісін өз пәндерінде жүзеге асыруы, қолдануы  туралы өз ойларын ортаға салып, тәжірибе алмасты.

Аталған іс-шараға облыстың  93  педагогі қамтылды.

«TIMSS-2019 халықаралық зерттеуі» аяқталды

Ағымдағы жылдың  10-11 мамыр күндері Жамбыл облысында 4 және 8 сынып оқушыларының математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша білім сапасын бағалау мақсатында TIMSS-2019 халықаралық зерттеуі Меркі ауданы, Т.Рысқұлов атындағы №20 орта мектебі мен Т.Қожакеев атындағы №39 мектеп-гимназиясында, Т.Рысқұлов ауданы, Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінде өткізіліп, халықаралық зерттеу аяқталды. Зерттеу барысында оқушылардан математика-жаратылыстану бағыты бойынша тест тапсырмалары мен сауалнамалар алынды. 4 сыныптың 97 ата-анасы оқушылардың математика және жаратылыстану пәндерінен даярлықтарын бағалау мақсатында жүргізілген сауалнамаға қатысты. Зерттеуге барлығы 182 оқушы қамтылды.