«2019-2020 оқу жылында жаңартылған білім мазмұны аясында пәндерді оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті
Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 19 қыркүйек күні негізгі пәндер бойынша облыстық онлайн семинар өтті.
Іс-шараға математика, физика, тарих, орыс тілі, ағылшын тілі, көркем еңбек, музыка пәндерінің мұғалімдері, барлығы 1951 педагог қатысты.
Онлайн семинарда педагогтарға 2019-2020 оқу жылында мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты, әдістемелік нұсқау хат бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, пәндерді оқытудың ерекшелігіне, жаңартылған білім беру мазмұны аясында қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалардың түрлері, жиынтық бағалауды жүргізудің жолдары, оқу үрдісіне жаңадан енгізілген «Графика және жобалау», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәндерінің оқу бағдарламасы мен бағалау жүйесі туралы тұжырымдар талқыланды. Семинар барысында қолданылған әдістемелік, дидактикалық материалдар педагогтарға таратылып, өзара тәжірибе алмасуына ықпал етті.