Категория 1 - Оқу-әдістемелік кабинет

Категория 1

«Күзгі мектеп» жобасы аясында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сыныптары өтті

2019 жылдың 9 қазанында zhambul_obl_metod бөлмесінде облыстық Үштілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің озық тәжірибелі мұғалімдері «Развитие навыков граммотности чтения на уроках русского языка и литературы», «Развитие функциональной грамотности на уроках русского языка в условиях обновленного содержания образования» тақырыптарында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сыныптарын өткізді. Аталған іс-шараға облыстың 493 педагогі қамтылды.

8-11 сынып оқушылары арасында «Парасатты болашақ» атты аудандық эссе жазу байқауы өтті

2019 жылдың 27 қыркүйегінде білім алушылардың бойында парасаттылық пен  академиялық тазалық принциптерін қалыптастыру, адамгершілік-этикалық құндылықарды бойына сіңіру мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында «Парасатты болашақ» атты эссе жазу байқауының мектепішілік, аудандық кезеңдері өткізілді. Барлығы 2932 оқушы қатысты.

Жетекші  мектептерге арналған  облыстық семинар-кеңес  өтті

2019 жылдың  27 қыркүйек күні облыстық оқу-әдістемелік кабинеті  Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесе отырып, жаңартылған  білім мазмұнын енгізу бойынша мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығының қызметтеріне және ДББҰ  Назарбаев Зияткерлік мектептерінің іс-тәжірибесін табысты тарататын Жетекші мектептерінің директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасарларына  облыстық  семинар-кеңес  өткізді.          

         Тараз қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының базасында өткен іс-шараға 43 педагог катысты.

Іс-шара барысында семинар қатысушылары Жетекші мектептің кәсіби қоғамдастығы жұмысының барлық циклын басқаруды ұйымдастыруды қамтамасыз ету,  серіктес мектептермен өзара іс-қимыл ұйымдастыру, жұмыс нәтижесін мониторингілеу және талдау жасау, «Теңбе-тең» қағидасы бойынша оқу өткізу үшін Жетекші мектептің әдістемелік қызметін ұйымдастыру  жолдары бойынша тәжірибе алмасты.

«Мектеп жасындағы жасөспірімдердің репродуктивті денсаулықты сақтау стратегиясы»тақырыбында педагог-психологтарға арналған облыстық онлайн семинар өтті

            2019 жылдың 30 қыркүйек күні оқу-әдістемелік кабинетінің базасында «Zambil_Obl_Metod» бөлмесі www.sabak.kz сайтында білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына әдістемелік көмек көрсету және тәжірибелік тұрғыда кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында «Мектеп жасындағы жасөспірімдердің репродуктивті денсаулықты сақтау стратегиясы» тақырыбында онлайн режимінде облыстық семинар өткізілді,     барлығы  335  педагог-психолог қатысты.

Сондай-ақ семинарға қатысушы педагог-психологтар  мектеп жасындағы жасөспірімдердің арасында ұлттық салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері мен психикалық саулығын қалыптастыру үдерісіндегі алдын алу жұмыстарының ерекшеліктері бойынша көптеген  жаңашыл идеяларымен  алмасып, кәсіби шеберліктерін көрсетті және электронды түрде таратпалы материалдармен  қамтамасыз  етілді.. 

Облыстық дөңгелек үстел өтті

2019 жылдың 25 қыркүйегінде облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің базасында физика пәні мұғалімдеріне «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында  оқыту мен оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге қатысушылар  жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқыту мен оқу үдерісін ұйымдастырудың  ерекшеліктерімен танысып, жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру, критериалды бағалау жүйесін жүзеге асыру жолдарымен бөлісті, тәжірибе алмасты.

Аталған іс-шараға  облыстың 36 педагогі қамтылды.