Категория 1 - Оқу-әдістемелік кабинет

Категория 1

«Әл-Фараби – өркениет философы» тақырыбында облыстық   ғылыми-практикалық конференция өтті

2020 жылдың 24 желтоқсан күні Әбу Насыр Әл-Фарабидің  1150 жылдығына орай «Әл-Фараби – өркениет философы» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Іс-шараның мақсаты – Түркі әлемінің ғұламалары мен ойшылдарының бірегей тұлғасы Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмір жолын,  ғылым, білім салаларына қосқан үлесін насихаттау, еңбектерін зерттеу.

Іс-шараға Қызылорда облысы «Болашақ» университетінің «Филология, журналистика» кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к. Т.Медетбаев, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, филос.ғ.к., доцент Г.Нурадин, «Философия және саясаттану» кафедрасының доценті, филос.ғ.к. Б.Таирова, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Р.Саламатова қатысты.

Облыстық ғылыми-практикалық конференция барысында педагогтарға  Әл-Фарабидің педагогикалық ғылыми көзқарастары, ғылыми-философиялық еңбектері, трактаттары, ғылым салаларына қосқан үлесі, даналық негіздері туралы ақпарат беріліп, дидактикалық материалдар таратылды.

Іс-шараға жоғары оқу орындарының ғалымдары, аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 22 әдіскер, 139 тарих, 139 қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, барлығы 300 педагог қатысты.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» тақырыбында облыстық онлайн-кеңес өтті

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2020 жылдың 23 желтоқсан күні    «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» тақырыбында облыстық онлайн-кеңес өтті.

Онлайн-кеңес барысында педагогтарға жобалық жұмысты жүйелеп жүргізудің жолдарын анықтау, «Өзін-өзі тану» пәнін интеграциялап оқыту бағытындағы жұмыс түрлерімен танысу, қашықтан оқыту жағдайында желілік қауымдастықта «Өзін-өзі тану» сабағын ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдері туралы ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді.

Іс шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 11 әдіскер,   143 «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі, барлығы 154 педагог қатысты.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында география  пәнінің  мұғалімдеріне онлайн семинар өтті

    2020 жылдың  23 желтоқсан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ZOOM платформасында облыстық  дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының география  пәні  мұғалімі Суанбеков Нурлан Үсеналыұлы               «Қашықтықтан оқытудағы жаңа ақпараттық-сандық технологиялар»  тақырыбында география пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн семинар өтті.

Іс-шара барысында  қашықтықтан оқыту жағдайында география сабағында  ақпараттық-сандық технологияларды пайдалану арқылы оқыту мен бағалау тапсырмаларын  ұйымдастырудың тиімді  әдіс -тәсілдерін көрсетті.

Аталған іс-шараға облыстың 156 география пәнінің мұғалімдері  қатысты.

«Бауыржан Момышұлы және қазақ ұлтының рухани мұрасы» тақырыбында   облыстық вебинар өтті

22 желтоқсан  күні  Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен   аудандар мен Тараз қалалық  білім бөлімдерінің әдіскерлері мен жалпы орта білім беретін мектептің кітапхана қызметкерлеріне арналған «Бауыржан Момышұлы және қазақ ұлтының рухани мұрасы»    тақырыбында    вебинар  өтті.

 Іс шараның мақсаты - Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының өнегелі мұрасын насихаттау.

          Аталған іс-шараға аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен 193 білім беру ұйымдарының кітапхана қызметкерлері қатысты. 

«География сабағында кері байланысты алудың  тиімді жолдары» тақырыбында география пәні мұғалімдеріне арналған  онлайн режимінде облыстық  шеберлік сынып өтті                              

      Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың 22 желтоқсан күні «География сабағында кері байланысты алудың  тиімді жолдары» тақырыбында  облыстық география пәні мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде облыстық  шеберлік  сыныбы  өтті.

       География  сабағында   жүргізілетін  кері  байланыс түрлері  мен  кері байланыс алудың  тәсілдерін,  кері байланыстың  тиімділігі арқылы оқыту мен оқу сапасын жақсарту жолдары  көрсетіліп,  ақпараттық -  әдістемелік  көмек  көрсетілді.

       Аталған іс-шараға  барлығы  205  педагог қатысты.