Категория 1 - Оқу-әдістемелік кабинет

Категория 1

«Современный урок: методы, инструменты, ресурсы» тақырыбында облыстық шеберлік сынып өтті

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың  25 желтоқсан күні «Үздік педагог шеберханасы: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже»  жобасының аясында республикалық  «Үздік педагог-2012» байқауының жеңімпазы облыстық үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі И.А.Шевченконың «Современный урок: методы, инструменты, ресурсы» тақырыбында ZOOM платформасында облыстық шеберлік сынып өтті.

Шеберлік сынып барысында  педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату бойынша электронды партфолиосымен таныстырып, заманауи сабақты өткізудің өзекті мәселелерін қарастырып, тиімді әдіс-тәсілдерімен, Google classroom платформасында өзінің іс-тәжірибесімен бөлісіп, панорамалық сабақ көрсетті.

Іс-шараға облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты мекемелердің республикалық  «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары, әдістемелік кабинеттің меңгерушілері мен әдіскерлері, мектеп директорлары мен директордың ғылыми-әдістемелік, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, озық тәжірибелі педагогтар, жалпы   178 педагог қатысты.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында математика  пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сынып өтті

   2020 жылдың  25 желтоқсан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ZOOM платформасында облыстық үш тілде оқытатын дарынды  балаларға арналған мамандандырылған  мектептің  тәжірибелі            мұғалімі Сауытбай  Рустем Серікұлы  «Геометрия сабағында Quizizz  платформасын тиімді қолдану»  тақырыбында математика пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сынып өтті.

             Іс-шара барысында   Quizizz  платформасы арқылы   геометрия  сабағында  топтық жұмыс жасау, бағалау және тест тапсырмаларын ұйымдастырудың тиімді әдіс- тәсілдерін көрсетті.  

           Аталған іс-шараға облыстың 226 математика  пәнінің мұғалімдері  қатысты.

 

«Жаңа ақпараттық  технология құралдары арқылы бастауыш сынып оқушыларының құзыреттілігін қалыптастыру  жолдары»   тақырыбында облыстық  вебинар  өтті

       Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2020  жылдың 25 желтоқсан  күні  аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің бастауыш сынып әдіскерлері мен  бастауыш сынып мұғалімдері үшін «Жаңа ақпараттық  технология құралдары арқылы бастауыш сынып оқушыларының құзыреттілігін қалыптастыру  жолдары»   тақырыбында облыстық  вебинар  өткізілді.

«Zооm» платформасында  өткен іс-шараға 235 педагог қатысты. 

Іс-шара қатысушылары  оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды  қолдану, АКТ құралдарын оқу үрдісінде тиімді пайдалану жолдары,  білімнің технологиялық аспектісі,  интернет ресурстарды пайдалану артықшылықтары, білім беру платформалары  арқылы  жүргізілетін жұмыс түрлері  бойынша тәжірибе алмасты.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен жиынтық бағалау тапсырмаларының құрылымы мен шектеу шаралары жағдайында оқыту кезеңіндегі қалыптастырушы бағалауды қолдану критерийлерін меңгерту мақсатында     2020 жылдың 25 желтоқсан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері үшін «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру ерекшеліктері» тақырыбында  онлайн вебинар өтті.

Онлайн семинарға 283 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.

Іс-шара барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен бөлім және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын  құрастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынды.

Облыстық онлайн-жиналыс өтті

2020 жылдың 24 желтоқсан күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік  кабинетінің  ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының білім беру және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы» бойынша  аудандар мен Тараз қаласының әдістемелік кабинеті меңгерушілерінің қатысуымен    онлайн-жиналыс өтті. Онлайн-жиналысқа 12 адам қатысты.

Онлайн-жиналыс барысында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы Ш.Усерова аудандар мен Тараз қаласының әдістемелік кабинет меңгерушілеріне  Қазақстан Республикасының білім беру және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы және білім мекемелерінің педагогтерін әдістемелік қолдау жұмыстарын инновациялық бағытта дамыту бойынша бірқатар  жұмыстардың  жүйелі жүргізілуі туралы  ұсыныстар айтты.

Сондай-ақ, Байзақ, Т.Рысқұлов аудандары білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері  Қазақстан  Республикасында  білім беруді және ғылымды  дамытудың 2020-2025  жылдарға  арналған  мемлекеттік бағдарламасын  бекіту  аясында әдістемелік кабинеттердің жұмысы туралы  және алдағы уақытта мемлекеттік бағдарламалар аясында жүргізілетін жұмыстарының   орындалуы туралы баяндап, қатысушылармен өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.