Категория 1 - Оқу-әдістемелік кабинет

Категория 1

Батыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының басшыларына тәжірибе алмасу вебинары өтті

 2020 жылдың 30 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысының білім қызметкерлері үшін «Халықаралық зерттеулер: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» тақырыбында тәжірибе алмасу вебинары өтті.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы Ш.Усерова облыстағы халықаралық зерттеулерге дайындық барысы, жоспарлы жұмыстардың ұйымдастырылу жағдайы туралы баяндады.

Ал оқу-әдістемелік кабинетінің бөлім жетекшісі, халықаралық зерттеулер бойынша облыстық координатор Ш.Жамалбекова тәжірибелік таныстырылым арқылы 2012 жылдан бастап ұйымдастырылған жұмыстардың ерекшеліктеріне, оқушылардың оқу, математикалық, жаратылыстану сауаттылықтарын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

Сондай-ақ   TIMSS-2019 халықаралық зерттеуіне қатысқан мектептердің басшылары, оқу-ісінің орынбасарлары мен аудан үйлестірушілері де тәжірибелерімен бөлісті.

Аталған вебинарға Батыс Қазақстан облысының 297 мектеп директторлары, әдістемелік кабинет әдіскерлері қатысты.

Іс-шара барысында Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы С.Темірғалиева, Білім беруді дамыту орталығының директоры Г.Кубашева халықаралық зерттеулер бойынша ашық диалогтық алаңда іс-тәжірибе алмасу бағытында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұжымына алғыстарын білдірді.

«Жоба әдісі арқылы оқушылардың зерттеу, шығармашылық құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында облыстық шеберлік сынып өтті

            Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың    29 желтоқсан күні «Үздік педагог шеберханасы: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» жобасы аясында Меркі ауданы №17 И.Трубицын атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі «Үздік педагог - 2020» атағының иегері Н.У.Қаймалақованың «Развитие исследовательских, творческих компетенций учащихся через проектную деятельность» тақырыбында шеберлік сыныбы өтті.

Шеберлік сыныпта Н.У.Қаймалақован «Менің жүрегімнің мектебі» бейнетаспасы, ұстаздың электрондық портфолиосының мазмұны мен «Қалыптастырушы бағалау арқылы оқушылардың өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру» шығармашылық  тақырыбындағы жинақталған іс-тәжірибесімен бөлісті. Жоба әдісі арқылы оқушыларды әдеби шығармаларды оқуға баулу, сандық технологияларды қолданып жоба өнімін дайындау және  қолданбалы курс бойынша дайындаған «Жобалық қызмет» атты авторлық бағдарламасы, әдістемелік кешенімен таныстырып, орыс тілі сабағында жоба әдісінің қолдануын көрсетті. 

Іс-шараға облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты мекемелердің республикалық  «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары, әдістемелік кабинеттің меңгерушілері мен әдіскерлері, мектеп директорлары мен директордың ғылыми-әдістемелік, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, озық тәжірибелі педагогтар, жалпы 171 педагог қатысты.

TIMSS-2019 халықаралық зерттеуі: тәжірибе және нәтиже» тақырыбында онлайн-кеңес өтті

2020 жылдың 28 желтоқсан күні облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «TIMSS-2019 халықаралық зерттеуі: тәжірибе және нәтиже» тақырыбында онлайн-кеңес өтті.  Онлайн-кеңесте облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бекбатырова Жамиля Елеуқызы білім саласында атқарылған іс-шаралар мен жетістіктер және TIMSS-2019 халықаралық зерттеуінің нәтижесі туралы баяндады.

Іс-шара барысында облыс бойынша TIMSS-2019 халықаралық зерттеуіне қатысқан 17 білім мекемесінің (4-сыныптан 396 оқушы,                           8-сыныптан 402 оқушы қатысты, 4-сыныптың 21 жетекшісі мен                         8-сыныптың 110 жаратылыстану-математика бағытындағы пән мұғалімдері арнайы берілген сауалнамаларды толтырған)  зерттеу қорытындысы бойынша нәтижелері талданды. 

 TIMSS-2019 халықаралық негізгі зерттеуінде «математикалық сауаттылық» бойынша Жамбыл облысының 4 сынып оқушылары 556 балл (республика – 512 балл) – І орын, 8 сынып оқушылары 584 балл (республика – 488 балл) – І орын, «жаратылыстану сауаттылығы» бойынша  4 сынып оқушылары 545 балл (республика – 494 балл) – І орын, 8 сынып оқушылары 559 балл (республика – 478 балл) – І орынды иеленіп, жоғары нәтиже көрсетті.

Онлайн-кеңеске аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілері, білім беру ұйымдарының басшылары, барлығы 296 педагог қатысты.

Тәжірибе алмасты

 2020 жылдың 20-22 желтоқсан күндері Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік орталығының директоры М.А.Медетбекова мен орталық әдіскерлері Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетімен өзара іс-тәжірибе алмасу мақсатында үш күндік іс сапармен облысқа келді.

Шымкенттік әріптестер облыстық-оқу-әдістемелік кабинетінің жұмыс бағыттарымен, білім сапасын арттыруға негізделген жобалармен, педагогтардың шеберханасымен, халықаралық зерттеуге дайындық жұмыстарының жүйесімен, педагогтардың кәсіби біліктілігін қалыптастырудағы ақпараттық-әдістемелік сүйемелдеудің түрлі тәсілдерімен танысты. Тәжірибе алмасу жұмысын одан әрі жандандыру мақсатында педагог кадрлардың кәсіби шеберлігін, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар, екіжақты ашық диалогтық алаңдар, халықаралық зерттеулерге дайындықтың сапасын қамтамасыз ету, тәжірибе алмасу бағытында өзара ақпараттар алмасып, бірлескен қызмет көрсету туралы меморандумға қол қойылды.

«Жасөспірімдер арасындағы тұлғааралық қақтығыстарды  шешу мен алдын алу шараларын қалыптастыру жолдары»     тақырыбында  онлайн  режимінде облыстық  вебинар өтті

2020 жылдың  29 желтоқсан   күні  директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына,  сынып жетекшілерге, педагог психологтар мен  әлеуметтік педагогтарға  арналған  «Жасөспірімдер арасындағы тұлғааралық қақтығыстарды  шешу мен алдын алу шараларын қалыптастыру жолдары» тақырыбында  облыстық   вебинар  zoom  платформасында өтті.  Аталған іс-шараға барлығы  247 педагог  қатысты.  

Семинарға қатысушылар  құқықтық  тәрбие  бағыты бойынша  әдістемелік көмектер алды, тиімді әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті, тәжірибе алмасты.