«Пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту (CLIL)» және «Сабақтағы саралау тәсілдері» тақырыптарында Тараз қаласындағы ФМБ Назарбаев зияткерлік мектебінің базасында облыстық семинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Педагогикалық шеберлік орталығы және Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесе отырып, 2019 жылдың 29 наурыз күні «Пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту (CLIL)» және «Сабақтағы саралау тәсілдері» тақырыптарында облыстық семинар өткізілді.
Аталған іс-шараға 93 педагог қатысты.
Іс-шара бағдарламасына сәйкес 6-8 сыныптарға сабақ беретін жаратылыстану-математикалық бағытындағы пән мұғалімдері тілдік интеграциялық оқыту, сабақ басқаруға арналған тайм-менеджмент, CLIL технологиясын іске асыру барысында жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдары бойынша, 5-8 сыныптарға сабақ беретін қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пән мұғалімдері жаңартылған білім беру мазмұны аясында дифференциалды білім беруді ұйымдастыру, саралау тапсырмалары, мұғалімдерді қолдау, қысқа мерзімді сабақ жоспарларында саралауды жүзеге асыру, сабақ кезеңдерінде қалыптастырушы бағалаудың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін қолдану жолдары бойынша тәжірибе алмасты.