Мұражай сабақтары – өлкетану бастауы
2019 жылдың наурыз айында Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты мекемелері аудандық тарихи-өлкетану мұражайының базасында Т.Аубакиров негізігі мектебінің 7 сынып оқушыларымен география пәнінен "Ауыл шаруашылығының ұйымдастырылуы, қолөнерінің дамуы және саяси географиялық жағдайы" тақырыбында сабақтар өткізіліп, сабақтарға 300 оқушы қамтылды.
Мұражайдағы жанды сабақ оқушыларға белгілі бір оқу жоспары бойынша білім алу немесе мектепте жинақталған білімді нығайту және тереңдету мақсатында ұйымдастырылады. Сонымен қатар, мұражай объектісі білім алғаны үшін иллюстрациялар ретінде емес, білімнің қосымша дерек көздерінің тікелей көзі ретінде әрекет етеді. Мұражай коллекцияларымен танысу оқушылардың рухани әлемін эмоционалды түрде байытады. Тақырыпқа деген қызығушылық ақпараттың дербес ізденісіне барысында қалыптасады. Мұражай сабақтарының басты мақсаты - Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, оқушылардың бойында өлкетанулық білімін дамыту болып табылады.