Республикалық математика пәні мұғалімдерінің «Математикалық регата» олимпиадасында ұстаздарымыз III орынды иеленіп жеңімпаз атанды
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 17-18 сәуір күндері Ақтау қаласында математика пәні мұғалімдерінің «Математикалық регата» олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың мақсаты- педагогтің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуде ұмтылысын арттыру.
Олимпиада мазмұны кәсіби білім беру аясында педагог тұлғасының шығармашылық өзін-өзі анықтау және білім беру үрдісінде кәсіби педагогикалық шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін конкурс тапсырмаларын қарастырды. Олимпиада төрт кезеңнен өтті. Әр кезең - үш тапсырманың ұжымдық шешімінен тұрды. Бірінші тапсырма - математикалық анализ негіздерінен немесе алгебрадан тұрады, екінші тапсырма – геометрия, үшінші тапсырма – логикалық, комбинаторлық немесе «сандық». Әрбір кезең барлық тапсырмалардың ұжымдық жазбаша шешімінен тұрды.
Республика бойынша жалпы 19 команда қатысып, жүлделі 1- орынды РФМШ, 2- орындарды Ақтөбе облысы, Нұр-Сұлтан қаласы, 3 орындарды Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облысының командалары иеленді. Олимпиада қорытындысы бойынша облысымыздан қатысқан командалық есепте III-орынды иеленген жеңімпаздарымызды атап айтсақ:
- Тараз қаласы ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі Рысбаев Жомарт Бейбітханұлы;
- Тараз қаласы №49 Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі Мұратбаев Айбек Серікұлы;
- Тараз қаласы Тараз қаласы №49 Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының математика пәні Қайырбай Сұлтанғазы Құрманғазыұлы;
- Байзақ ауданы С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Абдураимов Жайлыбай.
Педагогтарымызды жеңістерімен құттықтаймыз.