Онлайн шеберхана ережесі - Оқу-әдістемелік кабинет

Онлайн шеберхана ережесі

Онлайн-шеберхана жұмысының Ережесі

  1. Жалпы Ережелер

1.1. Онлайн-шеберхана – жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу жағдайында педагог-шебердің өзінің авторлық педагогикалық жүйесімен, оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту бойынша әдіс-тәсілдерімен бөлісу мақсатында құрылған Жамбыл облысы педагогтарының кәсіби педагогикалық бірлестігі.  

1.2. Онлайн-шеберхананың қызметі аталған Ереженің негізінде он-лайн режимде педагогикалық сағат, шеберлік сынып түрінде жүзеге асырылады.

  1. Мақсаты мен міндеттері

2.1. Мақсаты: педагогтар арасында озық педагогикалық тәжірибені тарату, оқушыларды оқыту мен дамытудың оңтайлы әдістері мен технологияларын трансляциялау.

2.2. Міндеттері:

- педагогтарды өзінің педагогикалық іс-әрекетін жаңартуға, жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу жағдайында оқушыларды оқыту мен дамытудың жаңа түрлері мен әдіс-тәсілдерін, тиімді педагогикалық технологияларын өз тәжірибесінде қолдануға ынталандыру;

- педагогтарды өз іс-әрекетін талдауына, педагог-шебермен жасақталған оқушылармен жұмыс жасаудың педагогикалық технологияларды, жүйелерді, әдіс-тәсілдерді қолдануға және енгізуге ынталандыру;

- педагогтардың шығармашылық белсенділігінің кәсіби өсуі мен дамуына жағдайлар жасау;

- кәсіби байланыс түрлерін дамыту және оның ауқымын кеңейту.

 

  1. Онлайн - шеберхана қызметін ұйымдастыру

 

  • Педагогикалық онлайн-шеберхананы аймақтық білім саласында кәсіби қызметінде тәжірибелі, педагогикалық шеберхана тақырыбы бойынша оқу-тәрбие процесінде жоғарғы деңгейдегі нәтиже көрсеткен педагог жүргізе алады.
  • Педагогикалық онлайн-шеберхананы жүргізуге сұраныстар және бағдарламаның жобалары ОблОӘК әдістемелік кеңесінде қарастырылады. Белгіленген тақырып бойынша педагогикалық шеберхананы ашу туралы шешім сараптамалық қорытынды негізінде ОблОӘК әдістемелік кеңесімен қабылданады.

3.3. Педагогикалық онлайн-шеберхана ОблОӘК сараптамалық кеңесінде бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жұмыс жүргізеді.

3.4. Педагогикалық онлайн-шеберхананың отырысы айына 1 рет өткізіледі.

3.5. Облыс педагогтарының педагогикалық тәжірибесін қолдану педагогикалық шеберхана жұмысының нәтижесі болып табылады.

  1. Құжаттар және есеп беру

4.1. Педагогикалық онлайн-шеберхана жұмысының қорытындысы оқу жылының соңында шығарылып, ОблОӘК сараптамалық кеңесінде тыңдалады.

4.2. Педагогикалық шеберхананың материалдары (бейнесабақтар, сабақтардың конспектілері, мультимедиялық презентациялар, сараптамалық материалдар және т.б.) ОблОӘК Zh-metod.kz сайтында орналастырылып, мұрағатында сақталады.

  1. Құзыреттілік және жауапкершілік

5.1. Педагогикалық онлайн-шеберхананың жетекшісі қатысушыларды жұмыс жоспарымен таныстыруға міндетті.

5.2. Педагогикалық онлайн-шеберхананың мүшелері кәсіби бірлестіктің жұмысына белсене қатысуға міндетті.

5.3. Педагог-қатысушылар ұсынылған тәжірибені өзінің іс-тәжірибесіне енгізбеуіне құқылы.

5.4. Педагогикалық онлайн-шеберхананың қатысушылары өткізілген іс-шаралардың нәтижелілігі мен сапасына жауапты.

5.5. Педагогикалық онлайн-шеберхана жұмысының тиімділігі педагогикалық шеберхана жұмысына қатысқан педагогтармен кері байланыс орнату арқылы анықталады.