«ОЖСБ-ға дайындық кезінде өзін-өзі реттеу және психологиялық қолдаудың элементтері» тақырыбында психологиялық тренингтер өтті
Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2019 жылы 15 ақпанда «Zambil_Obl_Metod» бөлмесі www.sabak.kz сайтында білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына әдістемелік көмек көрсету және тәжірибелік тұрғыда кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында «ОЖСБ-ға дайындық кезінде өзін-өзі реттеу және психологиялық қолдаудың элементтері» тақырыбында онлайн режимінде психологиялық тренинг өткізілді. Іс-шара барысында ОЖСБ-ға дайындық кезеңінде оқушыларға психологиялық көмек көрсетуде іс-әрекет стратегиялары мен тактикалары бойынша жаттығулар, сенімділіктерін күшейту, стресске қарсы тұру және эмоциялық ерік сферасын дамыту мәселелері бойынша көптеген кеңестер берілді.
Аталған іс-шараға барлығы 285 педагог-психолог қатысты.