«Бастауыш сыныптардағы білім сапасын және қорытынды аттестаттауға дайындықты арттыру» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті
2019 жылдың 17 сәуір күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен бастауыш сыныптардағы білім сапасын және қорытынды аттестаттауға дайындықты арттыру мақсатында негізгі пәндер бойынша облыстық онлайн семинар өтті.
Облыстық онлайн семинарға бастауыш сыныпқа сабақ беретін мұғалімдер мен 11 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері (физика, география), барлығы 1232 педагог қатысты.
Семинар жұмыстарында бастауыш сыныптардағы білім сапасы мен қорытынды аттестаттауға дайындықты арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған шеберлік сыныптары өткізіліп, электронды таратпалы материалдар ұсынылды.