БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

Мектеп басшыларына арналған дөңгелек үстел өтті

2019 жылы 15 наурыз күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен білім мазмұнын жаңарту жағдайында ұлттық тәрбие жүйесін дамыту мақсатында «Мектептегі тәрбие қызметін дамыту: жағдайы мен перспективалары» тақырыбында облыстық үйлестіруші кеңес мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға барлығы 25 адам қатысты.

Облыстық дөңгелек үстел барысында кеңес мүшелеріне білім беру ұйымдарында «Білім мазмұнын жаңарту аясында тәрбие қызметін дамытудың негіздері» атты тұжырымдама ұсынылып, толықтырулар енгізілді.

Облыстық педагогикалық инновациялар жәрмеңкесі  өтті

             2019 жылдың  15 наурыз  күні облыстық оқу-әдістемелік кабинеті  Тараз қ. физика-математикалық бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі», Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесе отырып,  Педагогикалық шеберлік орталығының базасында облыстық педагогикалық инновациялар жәрмеңкесін  өткізді.

Аталған іс-шараға 34 педагог катысты.

Іс-шара барысында жармеңке  қатысушылары оқытудың жаңа формалары мен әдістері, білім беруді дамыту тұжырымдамасын іске асырудағы инновациялық тәжірибелер, білім беру саласындағы инновациялық цифрлы орта: оқу үрдісінде заманауи ақпараттық технологияларды, электрондық білім беру ресурстарын, қашықтан оқыту технологияларын  пайдалану, оқушыларға инженерлік білім беру («Робототехника және дизайн», «Мобильді робототехника», «Мехатроника» және т.б.), азаматтық-патриоттық тәрбие,  рухани-адамгершілік тәрбие, оқушыларға  кәсіби бағдар беру, экологиялық білім беру, салауатты және қауіпсіз өмір салтының дағдыларын дамыту, оқушылардың өзін-өзі басқарудың әртүрлі формалары бойынша тәжірибе алмасты.

Облыстық онлайн семинар өтті

2019 жылдың 14 наурыз күні жалпы орта білім беретін мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларына білім беру ұйымдарында оқушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалауға (ОЖСБ) дайындаудың сапасын арттыру мақсатында «Білім мекемелерінде ОЖСБ-ға дайындық жұмыстарының деңгейін арттыру жолдары» тақырыбында облыстық онлайн семинары өтті.

Семинарға 329 мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Облыстық онлайн семинар барысында білім мекемелерінде ОЖСБ өткізу тәртібі, ОЖСБ тапсырудың талаптары мен ережелері туралы жан-жақты ақпараттар берілді.

Математика, физика пәні мұғалімдері үшін облыстық  онлайн семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  «Zhambil_Obl_Metod» бөлмесінде  2019  жылдың  14 наурыз  күні математика, физика пәндері мұғалімдеріне арналған «Оқушыларды ОЖСБ-ға дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдері»   тақырыбында онлайн режимінде  облыстық семинар өтті.

Іс-шара  барысында математика, физика пәндері мұғалімдері  ОЖСБ-ға дайындауда оқытудағы  жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдары, оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидалары, тест спецификациясы, ОЖСБ-да кездесетін тапсырмалардың шығару жолдары бойынша тәжірибе алмасып, тәжірибелік маңызы бар ойлар ортаға салынды.

 Аталған іс-шараға  облыстың 395 педагогі қамтылды.

Әдістемелік десанттар өтті

Педагогтарға әдістемелік көмек көрсету және білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру мақсатында 2019 жылдың 12 наурыз күні Жамбыл, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Сарысу, Талас аудандары мен Тараз қалалық әдістемелік кабинеттері әдістемелік десанттар өткізді.

Іс-шара барысында мектеп директорлары, мектеп директорының орынбасарлары, пән мұғалімдері, барлығы 325 педагогқа әдістемелік көмектер көрсетілді.

Әдістемелік десантта әдіскерлер мен озық тәжірибелі мұғалімдер сабақтарға қатысып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсетті. Білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған панорамалық сабақтар, шеберлік сыныптарын өткізді.