«Тиімді сабақ: жоспарлау, бақылау және рефлексия» тақырыбында оқу семинары өткізілді
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының республикалық оқу-әдістемелік кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 12 сәуір күні «Тиімді сабақ: жоспарлау, бақылау, рефлексия» тақырыбында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының базасында кезекті аймақтық семинар өткізілді.
Семинар жұмысына облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері мен әдіскерлері, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, барлығы 116 педагог қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар сабақты тиімді жоспарлау тәсілдерімен, сыныпта бақылау жүргізу, сындарлы кері байланыс ұсыну және теория мен практиканы ұштастыратын кіріктірілген тәсіл негізінде өзінің тәжірибесіне рефлексия жасау дағдыларын қалыптастыру жолдарымен танысты.