Ережесі - Оқу-әдістемелік кабинет

Ережесі

Сырттай оқыту мектебінің ережесі

Ережесі

  1. Жалпы Ережелер

 

Сырттай оқыту мектебінің (әрі қарай - СОМ) қызметі оқушылардың               химия-биологиялық, физика-математикалық, тарихи-географиялық, лингвистикалық, ақпараттық (информатика) бағыттары бойынша шығармашылық, зерттеушілік және жобалық іс-әрекетін дамыту үшін білім ортасын қалыптастыруға бағытталған.

 

  1. Мақсаты мен міндеттері

 

2.1. Мақсаты: Қосымша білім алуда оқушылардың сыни ойлауын, шығармашылығын, зерттеушілік және жобалық іс-әрекетін дамыту.

 2.2. Міндеттері:

  • оқу, математикалық, жаратылыстану сауаттылықтарын арттыру;
  • оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;
  • ақпараттық құзырлеттілігін арттыру;

 

  1. Сырттай оқыту мектебінің қатысушылары

 

Сырттай оқыту мектебіне білім беру мекемелерінің 5-9 сынып оқушылары қатысады.

 

 

  1. Сырттай оқыту мектебінде білім беру процесін жүзеге асыру түрлері:

 

  1. Оқушыларға арналған бақылау және тәжірибелік тапсырмалар.
  2. Оқушыларға қашықтық жеке кеңес беру.
  3. Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу бойынша озық тәжірибелі үздік педагогтардың қатысуымен өтетін онлайн-сабақтар.
  1. Оқытуды ұйымдастыру тәртібі

4.1. СОМ-де оқыту оқу жылының қазаны мен сәуірі аралығында келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  • химия-биологиялық;
  • физика-математикалық;
  • лингвистикалық;
  • тарихи-географиялық;
  • ақпараттық (информатика).

СОМ-дегі оқу процесі Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері және озық тәжірибелі мұғалімдердің қатысуы арқылы жүргізіледі.

Оқыту айына 4 сабақтан аптасына 1 рет zhambul_obl_metod комнатасында өтеді. (1-ші апта – 5-6 сыныптар, 2-ші апта – 7 сыныптар, 3-ші апта – 8-сыныптар, 4-ші апта – 9 сыныптар).

Оқыту 3 бағытта ұйымдастырылады:

  • Оқу сауаттылығы - қыркүйек, желтоқсан, наурыз айлары.
  • Математикалық сауаттылығы – қазан, қаңтар, сәуір айлары.
  • Жаратылыстану сауаттылығы – қараша, наурыз, мамыр.

Әрбір бағыт бойынша қазан, ақпан, наурыз айларында оқушылар арасында оқу, математикалық, жаратылыстану сауаттылықтары бойынша «Жас білімпаз» интеллектуалды олимпиадасы өткізіледі.

 

  1. «Жас білімпаз» интеллектуалды олимпиадасына

қатысу шарттары:

Интеллектуалдық олимпиадаға жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың, облыстың дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім ұйымдарының 5-9 сынып оқушылары қатысады. Интеллектуалды олимпиада www.zh-metod.kz сайтында онлайн түрінде өткізіледі (І кезеңде – 30 сұрақ, 60 ұпай, ІІ кезеңде – 25 сұрақ, 75 ұпай).      Олимпиадаға қатысу үшін: www.zh-metod.kz сайтының ең жоғарғы панелінде орналасқан «ҚАШЫҚТЫҚ ЖАРЫС» порталындағы «Жас білімпаз» атты тақырыпқа басу арқылы кіріп, тіркелуден өтеді:

  • «КІРУ» батырмасын басу арқылы жарыс тапсырмаларын орындайды.
  • Тестілеуді бастау үшін оқушы жарыстың үйлестірушісінен алған логин мен парольді енгізуі керек.
  • Логин мен парольді енгізгеннен кейін «Тақырып» тарауында керекті сыныпты және оқу тілін таңдау керек.
  • Жарыстың бастауынан кейін тапсырмаларды орындау үшін автоматты түрде уақытты қайта санау таймері қосылады. Тестілеуден өту үшін zh-metod.kz сайтына кіру керек.

Тексерудің қорытындылары негізінде әр сынып бойынша жарыстың І, ІІ, ІІІ жүлделі орындары анықталады.  Жарыстың аяқталуынан кейін күнтізбелік 10 күннің ішінде интеллектуалдық олимпиаданың қорытындылары                www.zh-metod.kz сайтында жарияланады.

 

Назар аудару керек:

Оқушы өзінің логині мен паролін дұрыс енгізуі керек!

  1. Беттің кездейсоқ жабылуында немесе компьютердің сөніп қалуында, логин мен парольді қайта енгізіп, жарыстың тапсырмаларын қайта орындау керек.
  2. Барлық сұрақтарға жауап бергеннен кейін ғана, «Аяқтау» кнопкасын басу қажет.
  3. Жарысты өткізуге берілген уақыт аяқталғаннан кейін, қатысушының барлық жауаптары автоматты түрде серверге жіберіледі.

Жарыстың нәтижелері «Аяқтау» кнопкасын басқаннан кейін, сол сәтте белгілі болады.