Облыстық математика пәні мұғалімдерінің «Математикалық регата» олимпиадасы өтті
2019 жылдың 1 наурызы күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен математика пәні мұғалімдерінің облыстық «Математикалық регата» олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың мақсаты – педагогтің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын арттыру.
Аталған іс-шараға облыстың 27 педагогі қатысты.
Олимпиада 4 кезең бойынша өткізіліп, әр кезеңінде 3 есептен (алгебралық, геометриялық, логикалық), жалпы 12 есеп берілді. Тапсырмаларда планиметрия, стреометрия, тригонометрия бөлімдері мен комбинаторика, логикалық есептер қамтылды. Олимпиаданың нәтижесінде I орынды Байзақ ауданы С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Ж.Абдураимов, II орынды Тараз қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі С.Қайырбай, облыстық үштілде оқытатын мамандандырылған мектептің математика пәні мұғалімі Г.А.Ниетбаева, III орынды облыстық ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының математика пәні мұғалімі Н.Д.Давлетбаев, облыстық Айша-бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған "Білім - инновация" мектеп-интернатының математика пәні мұғалімі Р.С.Сауытбай, Талас ауданы, Алғабас орта мектебінің математика пәні мұғалімі Н.Ж.Биғазиев,Т.Рысқұлов ауданы, М.Горкий атындағы мектебінің математика пәні мұғалімі Ж.А.Журманов, Сарысу ауданы, Б.Қашқынбаев атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі К.Омарбаева, Меркі ауданы, №34 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Р.Кузембекова иеленді.
Педагогтарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!