Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру - Оқу-әдістемелік кабинет

Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру

«Абай мұрасы: Қазақтың ұлттық рухы»

2025 жылдың 13 мамыр күні қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай мұрасы: Қазақтың ұлттық рухы» атты кәсіптік бағдар беру – театрландырылған концерттік кеші өтті.
Мектеп оқушылары мен жастардың кәсіби бағдарын қалыптастыру, болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыт беру және Абай мұрасын насихаттау мақсатында өткен іс-шараға мектеп оқушылары, ата-аналар және әлеуметтік серіктестер кеңінен тартылды.
Кеш мазмұны жағынан терең, мағынасы биік екі кезеңнен тұрды. Айталық, бірінші бөлімде қатысушылар назарына «Абай мұрасы» тақырыбындағы және колледжде оқытылатын мамандықтар бойынша мазмұнды көрме ұсынылды. Осы көрме арқылы жастар Абай шығармашылығының тереңіне үңіліп, колледждің білім беру бағыттарымен танысу мүмкіндігіне ие болды.
Екінші кезеңде Абай Құнанбайұлының шығармаларынан шабыт алған театрландырылған қойылымдар мен концерттік нөмірлер сахналанды. Кеш барысында Абайдың поэзиясы мен қара сөздері көркем бейнелермен, сахналық қойылымдармен ұштастырылып, көрермендерге рухани әсер сыйлады.
Кеш соңында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде оқытылатын мамандықтар шеру түрінде таныстырылып, жастарға оқу ордасының білім беру мүмкіндіктері кеңінен насихатталды.

«Особенности организации, проведения и оценивания итоговой аттестации в 9 и 11 классах по русскому языку и литературе»

тақырыбында облыстық вебинар өтті

2025 жылдың 19 мамыр күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен аудандар және Тараз қаласының әдіскерлері, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған «Особенности организации, проведения и оценивания итоговой аттестации в 9 и 11 классах по русскому языку и литературе» тақырыбында облыстық вебинар өтті.    

Іс-шара барысында «Орыс тілі», «Орыс әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша өтетін қорытынды аттестаттауда емтихан жұмысының сипаттамасы, спецификациясы, баллдар мен бағаларды қою үдерісі, емтихан барысында келетін тапсырмалармен жұмыс түрлері талданды.

Облыстық вебинарға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 180 педагог қатысты.

 

«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы»

республикалық  ұлттық байқауы  өтті

          «Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» республикалық  ұлттық байқауына қатысқан Тараз қаласы №33 «Айсауле»  бөбекжай-бақшасы  Алғыс хатпен,  Шу ауданы, «Жібек жолы» мектеп-лицейі  «Экологиялық сауат және ақпараттандыру» номинациясы бойынша   II орынды  иеленді.

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері арасында І облыстық пәндік олимпиадасы өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 14 мамыр күні ағылшын тілі пәнінің мұғалімдерінің кәсіби деңгейі мен мәртебесін арттыру, теориялық білімін анықтау, әдістемелік шеберлігін шыңдау мақсатында І облыстық пәндік олимпиадасы өтті.
Аталған іс-шара екі кезеңде өтті. І кезеңде ағылшын тілі пәні мұғалімдері тест тапсырмаларына жауап беріп, ІІ кезеңде күнтізбелік-тақырыптық жоспарларына сәйкес панорамалық сабақтар өткізді. Қатысушылардың жұмыстары Ережеге сәйкес жүргізіліп, комиссия мүшелерінің шешімімен жеңімпаздар анықталды. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар мен сертификаттар, номинациялармен марапатталды.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері арасында өткен І облыстық пәндік олимпиадаға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 25 педагог қатысты.

Мақсатты мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған  «Бастауыш сынып оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында вебинар өтті

Облыстық оқу-әдістемелік орталығы 2025  жылдың 16 мамыр күні мақсатты мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Бастауыш сынып оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында вебинар өткізілді. Мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының зерттеу дағдыларын дамыту мақсатында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, зерттеу қызметін тиімді ұйымдастыру жолдарын ұсыну.

Вебинарда бастауыш сынып оқушыларына арналған зерттеу жұмыстарының маңызы мен мазмұны түсіндіріліп, түрлі жастағы оқушыларға бейімделген зерттеу қызметінің үлгілері (жобалық жұмыс, бақылау, тәжірибе, шағын зерттеу) ұсынылды. Сонымен қатар іс-шара қатысушылары, зерттеу жобаларын құрастырудың үлгілері мен қадамдары, жобаның құрылымы, тақырып таңдау, мақсат қою, гипотеза жасау, ақпарат жинау, тәжірибе жүргізу және қорытындылау кезеңдері бойынша өзара тәжірибе алмасты.

Аталған іс-шараға  аудандық (қалалық)  білім бөлімдерінің жауапты  әдіскерлері мен  мақсатты мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері,  барлығы  390  педагог қатысты.