«Ең үздік кітап оқитын мектеп» атты облыстық байқау өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Ең үздік кітап оқитын мектеп» атты облыстық байқау 2021 жылдың 27 сәуірінде ZOOM платформасында онлайн режимінде өткізілді. Байқаудың мақсаты – оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру арқылы интеллектуалды қабілетін дамыту, кітап оқуды насихаттау.
Байқау «Менің сүйікті кітабым», «Қара өлеңнің Құлагері» «Сөз маржанын терейік...», «Ізден, талаптан, оқырман!» номинациялары бойынша өткізілді.
Байқауға білім беру ұйымдарынан 11 мектеп қатысып, 7 мектеп жүлделі орындарды иеленді.
Жамбыл ауданындағы А.С.Макаренко атындағы орта мектебі-бас жүлдені, Меркі ауданының №13 жалпы орта білім беретін орта мектебі І орынды, Қордай ауданының №1 Д.Қонаев атындағы мектеп гимназиясы, Талас ауданының Ш.Уалиханов атындағы орта мектебі ІІ орындарды, Байзақ ауданының Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы, Сарысу ауданының Қызылдихан орта мектебі, Шу ауданының М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебі ІІІ орындарды иеленді. Байқауға қатысқан мекемелер облыстық білім басқармасының дипломдарымен, алғыс хаттарымен марапатталды.