«Ұлы дала тарихындағы есімі ұрпаққа ұран болған - батырлар ерлігі» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 5 мамыр күні директордың құқықтық, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, сынып жетекшілерге, тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған «Ұлы дала тарихындағы есімі ұрпаққа ұран болған - батырлар ерлігі» тақырыбында онлайн режимінде облыстық дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шараға барлығы 258 педагог қатысты.
Іс-шара барысында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Филология және журналистика» кафедрасының доценті, ф.ғ.к., «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Т.Мұқашевтың «Ұлы дала тарихындағы есімі ұрпаққа ұран болған - батырлар ерлігі», М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының оқытушысы Р.Тобаджановтың «Ұрпаққа ұраң болған - Ұлы Жеңіс», Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп – интернатының тарих пәнінің мұғалімі М.Бегілдаеваның «Ұрпақтар ұмытпайтын - Ұлы Жеңіс», Тараз қаласы, №8 гимназияның тарих пәнінің мұғалімі Д.Ускумбаевтың «Ұранды ердің - ұрпағы қайсар», және т.б тақырыптарда баяндамалар тыңдалды, қатысушылар ой бөлісті және пікір алмасты.