БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

Бастауыш сынып мұғалімдерінің облыстық олимпиадасы өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың  30 сәуір күні бастауыш сынып мұғалімдерінің  облыстық олимпиадасы Zoom  бейнебайланыс режимі арқылы  өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты облыс педагогтарының инновациялық педагогикалық тәжірибелерін анықтау және насихаттау, бастауыш сыныптың  жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқыту сабақтарының тиімді бейнеүзінділерінің банкін құру, білім жүйесінде бастауыш сынып  мұғалімдерінің жағымды әлеуметтік және кәсіби келбетін қалыптастыру.     Олимпиадаға аудандар мен  Тараз қаласынан барлығы  11 педагог қатысты. Олимпиада 3 кезең  бойынша  өткізілді. Мұғалімдер I  кезеңде Google  формасы арқылы тест тапсырмаларын орындаса, II кезеңде электронды портфолиоларын,  III кезеңде бейнесабақтарын қорғады.

Нәтижесінде, І орынды Меркі ауданы, №5 Ақарал  мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі  Ш.Ермаханбетова, ІІ орындарды Жамбыл ауданы,  Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Д.Сидикова,  Байзақ ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы  мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі З.Кожахметова, ІІІ орындарды Т.Рысқұлов ауданы, №1 мектеп-лицейінің  бастауыш сынып мұғалімі Ж.Серкебаева, Тараз қаласы, №8 Төле би атындағы гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі  А.Мырзабекова иеленді.

Облыстық онлайн вебинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен  2021 жылдың 30 сәуір күні аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің мектепке дейінгі ұйым әдіскерлеріне арналған «Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие мен оқытуды дамытудың қазіргі заманғы тәсілдері мен перспективалары» тақырыбында zoom бейнебайланыс режимінде облыстық онлайн вебинар өтті.

Іс-шара барысында Жуалы ауданы мен Тараз қаласының білім бөлімдерінің мектепке дейінгі ұйым әдіскерлері мектепке дейінгі ұйымдарға, педагогтерге көрсетіліп жатқан ақпараттық-әдістемелік қолдау бағыттары бойынша іс-шаралар туралы әріптестерімен тәжірибе алмасты.

Жамбыл  облысы  әкімдігі  білім басқармасының оқу-әдістемелік  кабинетінің ұйымдастыруымен  2021  жылдың  29  сәуір  күні  білім  беру  ұйымдарының  директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына әдістемелік көмек көрсету, инновациялық қызметтерін дамыту, шығармашылық шеберліктерін арттыру мақсатында мектеп  директорларының  тәрбие  ісі жөніндегі  орынбасарларының шығармашылық зертханасы жобасы аясында «Қашықтан оқыту жағдайында  тәрбие  жұмысын  тиімді ұйымдастыру және оны жетілдірудің  инновациялық  жолдары /НЗМ тәжірибесі/» тақырыбында  онлайн  режимінде  облыстық вебинар өтті. Аталған іс-шараға барлығы  208 педагог  қатысты.  

Іс-шара барысында  Қордай  ауданы, Б.Момышұлы атындағы  №43, №8, №26, №51  орта мектептерінің  озық іс-тәжірибелері  таратылды және вебинарға қатысушылар тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша  әдістемелік көмектер  алды, тиімді инновациялық әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті, тәжірибе  алмасты.  

«Қазақстан – болашақ архитектор көзімен» атты сәулеттік макет, «Жас өнертапқыштар» атты байқаулары өтті

       2021 жылдың 28 – 29 сәуір күндері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары аясында 7 – 11 сынып оқушылары арасында облыстық «Қазақстан – болашақ архитектор көзімен» атты сәулеттік макет, «Жас өнертапқыштар» атты байқаулары өтті.

       Байқаудың мақсаты - жас ұрпақтың бойында туған еліне, Отанына, ел татулығына, мемлекеттің экономикалық көркеюіне бағытталған және жаhандану жағдайы туралы түсінікті қалыптастыру болды. Жалпы облыстық байқауға облыс бойынша 65 оқушы қамтылды. Облыстық кезеңге іріктелген жұмыстарды жарияланған тақырыптың мазмұнына сәйкестігі, тақырыптың ашу деңгейі, шығармашылық талғамы, композициясы, техникасы, сапалық және эстетикалық талапқа сәйкестігі бойынша бағаланып, жеңімпаздар анықталды.

Мектепке дейінгі ұйым педагогтері үшін  облыстық онлайн семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен  2021 жылдың 29 сәуір күні мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беруде заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану» тақырыбында zoom бейнебайланыс режимінде облыстық онлайн семинар өтті.

Семинарда Тараз қаласы, №33 «Айсәуле» бөбекжай-бақшасының әдістемелік жұмыс жүйелері тыңдалды. Іс-шара барысында мектепке дейінгі ұйым қызметінде жобалау әдісін қолдану және экологиялық тәрбие беруде заманауи әдіс-тәсілдер жүйесін қолдану ерекшеліктері жайлы толық мағлұмат алып, электронды дидактикалық таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.

Аталған іс-шараға облыстың  147 педагогі қамтылды.