«Перевёрнутый урок» в начальной школе. Подходы, ресурсы» тақырыбында облыстық шеберлік сынып өтті
2021 жылдың 16 сәуір күні «Үздік педагог шеберханасы: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» жобасының аясында республикалық «Үздік педагог-2018» байқауының жеңімпазы, Тараз қаласы, №24 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Н.Полухинаның «Перевёрнутый урок» в начальной школе. Подходы, ресурсы» тақырыбында облыстық шеберлік сыныбы өткізілді.
Іс-шара барысында Н.Полухина «Менің жүрегімнің мектебі» бейнетаспасы мен педагогикалық электронды портфолиосының мазмұнымен, «Төңкерілген сабақ» үлгісінің қазіргі заманғы аралас оқыту технологиясының құрамдас бөліктерінің бірі ретінде оқушылардың бағдарламалық материалды немесе қосымша оқу материалын игеру бойынша өзіндік оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімді жолдары туралы іс-тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шараға облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты мекемелердің республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары, әдістемелік кабинеттің меңгерушілері мен әдіскерлері, мектеп директорлары мен директордың ғылыми-әдістемелік, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, озық тәжірибелі педагогтар, жалпы 236 педагог қатысты.