Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 28 сәуір күні педагог-психологтардың шығармашылық зертханасы жобасы аясында «Мектептегі психологиялық қызметтің маңыздылығы және оны жетілдіру жолдары» тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасайтын үздік педагог-психологтарының озық іс-тәжірибесі таратылды. Аталған іс-шараға 107 педагог қатысты.
Мектептегі психологиялық қызметті жетілдіру бағыттары бойынша жүргізілетін жұмыстардың тиімді жолдарын қарастыру, озық идеялы тәжірибені тарату, әдістемелік көмек көрсету, өзара тәжірибе алмасу, жаңашыл бастамаларға қолдау көрсету мақсатында өткізілді.
Іс-шара барысында ІV Республикалық «Жылдың үздік психологі 2015» байқауының жеңімпазы, Тараз қаласы, Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназияның педагог-психологі А.Тілеубай және ІІІ Республикалық «Жылдың үздік психологі 2014» байқауының жеңімпазы, Т.Рысқұлов ауданы, №3 шағын орталықты орта мектебінің педагог-психологі Ғ.Салықбаев іс-тәжірибелерімен бөлісті.