БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

Облыстық тамыз кеңесі аясында білім беру ұйымдарының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған секция отырысы өтті

2021 жылы 17 тамыз күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскерлері мен мұғалімдеріне арналған «Особенности преподавания русского языка и литературы в общеобразовательных школах и задачи на новый учебный год» тақырыбында секция отырысы өтті.               

Секция отырысына 293 орыс тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскерлері мен мұғалімдері қатысты.

         Іс-шара барысында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері карантиндік «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатпен танысып, қашықтан оқыту жағдайында белсенді және интерактивті әдістерді пайдалану, жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу бойынша мәселелерді талқылады.

«Өзін-өзі тану» бағдарламасы – үздіксіз адамгершілік және рухани тәрбиенің негізі» тақырыбында облыстық Тамыз кеңесінің секция отырысы өтті.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 17 тамызы күні «Өзін-өзі тану» пәні педагогтарына ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету, кәсіби құзіреттіліктерін арттыру мақсатында «Өзін-өзі тану» бағдарламасы – үздіксіз адамгершілік және рухани тәрбиенің негізі» тақырыбында облыстық Тамыз кеңесінің секция отырысы өтті.

Аталған іс-шараға облыс аудандары, Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен пән мұғалімдері, барлығы 234 педагог қатысты.

«Инклюзивті білім беру мазмұны: тәжірибе мен перспективалары» тақырыбында облыстық  вебинар өтті

       Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2021  жылдың  11 мамыр  күні  ерекше білім алуға қажеттілігі бар оқушыларға сабақ беретін мұғалімдер  үшін  «Инклюзивті білім беру мазмұны: тәжірибе мен перспективалары» тақырыбында облыстық  вебинар өткізді.

 «Zооm» бейнебайланыс режимінде өткен іс-шараға 100-ге жуық   аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектептің әлеуметтік педагогтері,  психологтары,  ерекше білім беруге   қажеттілігі бар оқушыларға  сабақ беретін мұғалімдер қатысты. Іс-шара барысында           БАҰО "Өрлеу" АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының "Әдіснама және педагогикалық инновация" кафедрасының аға оқытушысы, әлеуметтану ғылымының кандидаты А.Абилова   «Инклюзивті білім: эволюциясы және болашағы»  тақырыбы аясында ҚР-да білім беруді дамытудың  2011-2020  жылға  арналған  мемлекеттік  білім  бағдарламасында  инклюзивті білімді жүзеге асырудың мақсаттары мен міндеттері туралы,  И.Шыныбаева  Жамбыл ауданы, Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі  жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында қалыптастырушы бағалау тапсырмалары мен  БЖБ, ТЖБ өткізу тәртіптері бойынша тәжірибе алмасты. Электронды материалдар таратылып, ақпараттық-әдістемелік көмек берілді.

 

Директордың тәрбие ісі  жөніндегі орынбасарлары  мен сынып жетекшілерге  арналған  облыстық тамыз кеңесінің  секция отырысы өтті

2021 жылдың 16 тамыз  күні  директордың тәрбие  ісі жөніндегі орынбасарлары  мен сынып жетекшілерге  арналған  «2021 -2022 оқу жылы жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың  ерекшеліктері» тақырыбында  облыстық тамыз  кеңесінің  секция отырысы  (zoom  бейнебайланыс)  режимінде өткізілді. Барлығы 293 педагог  секция жұмысына  қатысты.

 Секция отырысында «Назарбаев зияткерлік мектептері: үздік тәжірибе, инновация», “Тәрбие  жұмысы  жүйесін жетілдірудің  жаңаша бағыттары”, “Ұстаздардың оқушылардың ата-аналарымен ұтымды байланыс құра білуі“ тақырыптарында  баяндамалар тыңдалды және 2021-2022 оқу жылындағы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері таныстырылды.  

Білім беру ұйымдарында «Ұранды ердің - ұрпағы қайсар», «Отан - рухы биік, асқақ ұғым!»  тақырыптарында тәрбие сағаттары  өтті

 2021 жылдың 5 мамыр күні Ұлы Отан соғысындағы            Жеңістің   76  жылдығына орай  білім беру мекемелерінде 5-11 сынып оқушылары арасында «Ұранды ердің - ұрпағы қайсар», «Отан - рухы биік, асқақ ұғым!» тақырыптарында  тәрбие  сағаттары өткізілді. 

Тәрбие сағаттары – Оқушыларды  патриотизмге, Отанды қорғауға,  батыр ержүрек болуға үйрету, елін, жерін жаудан қорғай білуге  және қазіргі таңдағы арамызда жүрген ардагерлеріміздің  ерліктерін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге  тәрбиелеу мақсатында өткізілді.