БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

«Әулиеатадағы Ұлы Жеңіс: батыр жерлестеріміздің ерлігі   мен айбыны» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті

2021 жылдың 6 мамыр күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Әулиеатадағы Ұлы Жеңіс: батыр жерлестеріміздің ерлігі мен айбыны»  тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты – Ұлы Жеңісті жақындатқан қазақстандық және өлке жауынгерлерінің ерлігі мен қайсарлығын насихаттау, тәжірибе алмасу.

Іс-шарада М.Х.Дулати атындағы Тараз қаласы «Ерлік» мемориалдық кешеніндегі «Даңқ» залының ғылыми қызметкері Қ.Демешев «Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақтан шыққан батырлар» тақырыбында экскурсия жасап, жәдігерлер негізінде батырлар өміріне қатысты деректермен бөлісті.  Облыстың ардагер ұстазы, өлкетанушы Б.Әлиев «Жамбыл облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында» тақырыбында, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы Р.Тобаджанов «Ақәділ Суханбаевтың ерлігі және оның қазіргі таңда насихатталуы» тақырыптарында баяндамалар жасаса, Меркі ауданы №44 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Л.Киер «Воспитание патриотизма учащихся на примерах подвигов героев Великой Отечественной  войны» тақырыбында өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті. 

Дөңгелек үстел барысында қазақстандықтардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесі, есімдері тарих беттеріне жазылған даңқты батырларымыз туралы ғалымдардың пайымдары, дереккөздер, тың деректер айтылды. 

Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 11 әдіскер,            160 тарих пәнінің мұғалімі, барлығы 171 педагог қатысты.

 

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 6 мамыры күні халық жазушысы, ақын, тілтанушы, саясаткер Олжас Сүлейменовтің 85 жылдық мерейтойына орай,  өмір жолын, шығармаларын насихаттау, еңбектерін зерттеу мақсатында «Ғасырдың ғаламат ақыны  Олжас Сүлейменовтің  шығармашылық мұрасының маңызы» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған облыстық онлайн полилог алаңын өтті.

Іс-шараға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Филология және журналистика» кафедрасының профессоры Құламанова Зиба Абдуллақызы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Нусипова Асима Женисбекқызы қатысып, Олжас Сүлейменовтің шығармаларындағы ұлттық рух, дүниетанымдық мәселесі, ақынның шығармаларына көрініс тапқан адамгершілік құндылықтар туралы,  ақынның өзіндік шеберлігі мен ерекшелігін ашып көрсетті.   

Облысымыздың тәжірибелі ұстаздары Олжас Сүлейменовтің еңбектері арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің негіздерін атап көрсетіп, ақын поэмалары мен өлеңдеріндегі қанатты, бейнелі сөздерін кеңінен насихатталды.

Полилог алаңына аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 186 педагог қатысты. 

«TIMSS халықаралық зерттеуінің аясында география пәні  мұғалімдерінің   функционалдық сауаттылығын қалыптастыру»    тақырыбында қашықтан вебинар өтті

        Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың  6 мамыр  күні «TIMSS халықаралық зерттеуінің аясында география пәнінен  оқушылардың   функционалдық сауаттылығын қалыптастыру»  тақырыбында география пәні әдіскерлері мен мұғалімдеріне арналған  семинар-практикум  өтті.                       Іс-шараға  247  педагог  қатысты.

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2021 жылдың 5 мамыр күні Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай «Ы.Алтынсарин: Ұлттық педагогика, методология» тақырыбында аралас форматта аймақтық онкүндіктің жабылуына қатысып, тәжірибе алмасты.

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының президенті, PhD доктор Ғ.Бейсембаев іс-шаралардың өтілу барысына жоғары баға берді.

Іс-шара барысында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы Ш.Усерова баяндама жасап, кері байланыс жүргізді.

Қазақ халқының аса көрнекті ағартушы-педагогі Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған тәжірибе алмасу бағытындағы онкүндік аясында өткен  14 іс-шараға 6379 педагог қамтылды.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 5 мамыр күні педагог-психологтардың шығармашылық зертханасы жобасы аясында  «Мектептегі психологиялық қызметтің маңыздылығы және оны жетілдіру жолдары» тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасайтын үздік педагог-психологтарының озық іс-тәжірибесі таратылды. Аталған іс-шараға 117  педагог қатысты.                                                      

        Мектептегі психологиялық қызметті жетілдіру бағыттары бойынша  жүргізілетін жұмыстардың тиімді жолдарын қарастыру, озық  идеялы тәжірибені тарату, әдістемелік  көмек көрсету, өзара тәжірибе алмасу, жаңашыл бастамаларға қолдау көрсету мақсатында өткізілді.

           Іс-шара барысында ІІ Республикалық «Жылдың үздік психологі 2013» байқауының жеңімпазы, Жуалы ауданы, №1 мектеп-гимназиясының педагог-психологі М.Ускенбаева және І Республикалық «Жылдың үздік психологі 2012» байқауының жеңімпазы, Т.Рысқұлов ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің педагог-психологі А.Малибаева іс-тәжірибелерімен  бөлісті.