«Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәрбие жұмысы аясында оқушылардың SOFT SKILLS дағдыларын дамыту ерекшеліктері»тәжірибелік семинар өтті
2021 жылдың 21 сәуір күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесіп, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы бойынша іс-тәжірибесін тарату мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәрбие жұмысы аясында оқушылардың SOFT SKILLS дағдыларын дамыту ерекшеліктері» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізілді, барлығы 186 педагог қатысты.