Категория 1 - Оқу-әдістемелік кабинет

Категория 1

Шу ауданы, С.Шәкіров атындағы орта мектебінің өзін-өзітану пәні мұғалімі Мырзаханова Мархабат

«Отбасылық тәрбиенің қоғамдағы маңызы: мәселелер, көзқарастар, болашағы» тақырыбында  онлайн  режимінде облыстық  вебинар өтті

2021 жылдың 14 қаңтар  күні директордың  тәрбие  ісі   жөніндегі  орынбасарларына,  сынып жетекшілерге,  педагог-психологтар мен  әлеуметтік  педагогтарға арналған «Отбасылық тәрбиенің қоғамдағы маңызы: мәселелер, көзқарастар, болашағы» тақырыбында  онлайн  режимінде  облыстық   вебинар өтті.  Аталған іс-шараға барлығы  270 педагог  қатысты.  

Вебинарға қатысушылар тәрбиенің басым бағыттары соның ішіндегі  отбасы тәрбие  бағыты бойынша жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмектер алды, тиімді әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті, тәжірибе  алмасты  және таратпалы материалдармен  қамтамасыз  етілді.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында география пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде семинар өтті

         2021 жылдың  11қаңтар күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен  ZOOM платформасында Айша бибі атындағы  облыстық дарынды қыз балаларға  арналған  мамандырылған  «Білім-инновация» лицей-интернаты мен облыстық дарынды балаларға арналған мамандырылған «Дарын» мектеп-интернатының    тәжірибелі мұғалімдері «Оқушылардың  өздігінен  жұмыс жасау дағдыларын дамыту» , «Quizizz.com. қосымшасы арқылы оқушылардан бақылау жұмысын алу» тақырыптарында география пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде семинар өтті.

 Аталған іс-шараға облыстың   127 география пәні мұғалімдері қатысты.

«Қашықтықтан оқыту кезіндегі оқу процесін сүйемелдеуге арналған электронды онлайн-білім беру ресурстары» тақырыбында облыстық вебинар өтті.

Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің   бірлескен   іс-шаралар   жоспарына   сәйкес    2021   жылдың     11 қаңтар күні білім    беру  ұйымдарының   кітапхана    қызметкерлеріне   арналған «Қашықтықтан оқыту кезіндегі оқу процесін сүйемелдеуге арналған электронды онлайн-білім беру ресурстары» тақырыбында облыстық вебинар өтті.

Іс-шара барысында  кітапхана қызметкерлері  қазіргі  заманауи кітапханаларға қойылатын талаптар мен әдіс-тәсілдерді игеру, қазіргі кездегі әлемдегі өзгерістерге байланысты қашықтықтан оқу процесін қолдау, сүйемелдеу бойынша тәжірибе алмасты.

Аталған іс-шараға аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен  102 кітапхана  қызметкерлері қатысты.

 

 

 

       

 

 

 

 

                 

Оқу-әдістемелік кабинеті - «ZHAMBYL METOD»

Бастауыш сынып - «Бастау» 

Мектепке дейінгі мекеме - «Балақайлар мекені»«Бақытты отбасы» 

Қазақ тілі мен әдебиеті - «Сөз сыры» 

Орыс тілі мен әдебиеті - «Искусство слова»

Математика - «Пифагор мектебі»

Информатика  «ІТ клуб»

Физика - «Эврика», «Архимед»

Химия-биология - «Катализатор»

География - «Континент» 

Тарих - «Тұран»

Өзін-өзі тану - «Рухани әлем» 

Психология - «Психология әлемі»

Көркем еңбек - «Көркем өнер» 

Тәрбие - «Тәрбие жаршысы»

Шағын жинақталған мектеп - «Ауыл мектебі тынысы»

Мектеп директорларына арналған - «JAMBYL SCHOOL MANAGEMENT#1»