БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

«Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында басқару мен оқытудың тиімді  жолдары» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті

2019 жылдың 22 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинеті  Тараз қ. физика-математикалық бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі», Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесе отырып, Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында облыстық тәжірибелік семинар өткізді. Облыстағы 40 жетекші мектеп басшыларына «Аккредитация элементтері», математика пәнінің мұғалімдеріне «Математикадан күрделі деңгейдегі есептерді шығару  жолдары», дене шынықтыру және көркем еңбек пәндерінің мұғалімдеріне «Дене шынықтыру, көркем еңбек пәндерін оқыту барысында қалыптастырушы бағалау үдерісіндегі тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыптарында секциялық жұмыстар ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға 167 педагог катысты.

Іс-шара барысында семинар қатысушылары мектептердегі халықаралық аккредиттеу, қиындығы жоғары есептерді шешу, стереометрия бөлімін оқытудағы әдіс-тәсілдер, теоремаларды бірнеше әдіспен дәлелдеу, олимпиада есептерін шығаруға кіріспе, сабақ барысында қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолдану жолдары бойынша тәжірибе алмасты.

Оқыту семинары өтті

          2019 жылдың 22 ақпанында 2018-2019 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін трансляциялаудың іс-шаралар жоспарына сәйкес Тараз қаласы, Педагогикалық шеберлік орталығының базасында мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары арналған «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында сабаққа мониторинг жасаудың тиімділігі» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Оқыту семинарына 25 мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында математика пәнінің мұғалімдеріне семинар өтті

2019 жылдың 21 ақпанында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен облыстық ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты базасында математика пәні мұғалімдері үшін «Математика пәнінен ОЖСБ-ға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыптарында   облыстық семинар өтті.  Іс-шара барысында олимпиадалық есептерді шығарудың, ОЖСБ-да кездесетін күрделі тапсырмаларды орындаудың тиімді жолдарын анықтайтын әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Аталған іс-шараға облыстың  18  педагогі қамтылды.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында география пәнінің мұғалімдеріне семинар өтті

2019 жылдың 21 ақпанында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен облыстық ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты базасында география пәні мұғалімдері үшін «Моделирование на уроках как эффективный поиск решения проблем» тақырыбында   облыстық семинар өтті.  Іс-шара барысында пән мұғалімдері жобалық және ғылыми-зерттеу жұмыстары, заманауи дидактикалық және  зертханалық, демонстрациялық құралдарды пайдалану әдістері бойынша тәжірибе алмасты.

Аталған іс-шараға облыстың  16  педагогі қамтылды.

“Развитие автономности у учащихся и эффективные методы преподавания ключевых речевых навыков на уроках английского языка” тақырыбында облыстық семинар-тренинг өтті

           Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті InterPress әдістемелік кеңес беру орталығымен бірлесіп ұйымдастырған ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне және әдіскерлеріне Тараз қаласының Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының базасында “Развитие автономности у учащихся и эффективные методы преподавания ключевых речевых навыков на уроках английского языка” тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – пән мұғалімдерін тиімді технологиялар мен оқыту әдістерімен таныстыру Oxford University Press баспасы әзірлеген жаңартылған мазмұндағы 9 сыныптарға арналған оқулық пен жұмыс жүргізу бойынша әдістемелік көмек көрсету.

Семинар-тренингті Oxford University Press баспасының халықаралық оқытушысы Пол Вудфолл (Paul Woodfall) жүргізді. Іс-шараның қорытынды бөлімінде қатысушыларға Oxford баспасының сертификаттары беріліп, көрнекі құралдар таратылды.

Аталған іс-шараға Байзақ, Жамбыл, Жуалы аудандарынан барлығы 30 педагог  қатысты.