Облыстық онлайн вебинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 16 сәуір күні аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің мектепке дейінгі ұйымжәне мектепалды даярлық әдіскерлеріне арналған «Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие мен оқытуды дамытудың қазіргі заманғы тәсілдері» тақырыбында zoom бейнебайланыс режимінде облыстық онлайн вебинар өтті.
Іс-шара барысында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі таныстырылып, әрбір іс-шараларға дайындық жұмыстарының жүйелі жүргізілуі туралы ұсыныстар айтылды.
Сондай-ақ, Талас, Сарысу аудандары білім бөлімдерінің мектепке дейінгі ұйым және мектепалды даярлық әдіскерлері мектепке дейінгі ұйымдарға, педагогтерге көрсетіліп жатқан ақпараттық-әдістемелік қолдау бағыттары бойынша іс-шаралар туралы әріптестерімен тәжірибе алмасты.