БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің іс-шаралар жоспарына сай  2021 жылдың 23 сәуірінде  «Қашықтықтан оқыту жағдайында оқу үрдісін тиімді  ұйымдастыру  жолдары»  тақырыбында  семинар-практикум өткізілді.

          Аталған шараға  201   мектеп директорларының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары  қатысты. Қашықтықтан оқытудың тиімділігі мен оқу үрдісін ұйымдастырудағы пән мұғалімдерінің  іс-әрекеті, нәтижелі жұмысын қалыптастыру бойынша ақпарат таратылып, талданды. Қашықтықтан оқыту жағдайында өзара тәжірибе алмасу мен педагогтердің кәсіби дамуына ықпал етуші дағы жетекші мектептердің рөлі туралы Сарысу ауданы  С.Сейфуллин атындағы орта мектептің тәжірибесі таныстырылды.

«Математика пәнінің әдістемелік бірлестігінің жұмысы: Тәжірибе. Ұсыныс» тақырыбында математика пәнінің мұғалімдеріне арналған облыстық вебинар өтті.

            2021 жылдың 23 сәуір күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  ZOOM бейнебайланыс режимінде аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің математика пәнінің бірлестік жетекшілері мен мұғалімдеріне арналған «Математика пәнінің әдістемелік бірлестігінің жұмысы: Тәжірибе. Ұсыныс» тақырыбында облыстық вебинар өтті.

          Вебинардың мақсаты - жаңартылған білім беру мазмұны аясында математика пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігі мен құзіреттілігін қалыптастыру.

          Іс шара барысында әдістемелік пән бірлестіктің жұмысы, мазмұны, міндеттері, шығармашылық топтың жұмысы, тәлімгерлік, жас мамандармен жұмыс жүргізу бағыттары және оқу-әдістемелік жұмыстың мазмұнын жетілдіру бойынша тиімді ұйымдастыруда әдістемелік ұсынымдар беріліп, педагогтар өзара іс- тәжірибесімен бөлісті.       

Аталған іс-шараға облыстың 176 математика пәнінің мұғалімдері қатысты.                                                           

Облыстық онлайн вебинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен  2021 жылдың 23 сәуір күні аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің мектепке дейінгі ұйым әдіскерлеріне арналған «Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие мен оқытуды дамытудың қазіргі заманғы тәсілдері мен перспективалары» тақырыбында zoom бейнебайланыс режимінде облыстық онлайн вебинар өтті.

Іс-шара барысында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі таныстырылып, әрбір іс-шараларға дайындық жұмыстарының жүйелі жүргізілуі туралы ұсыныстар айтылды.

Сондай-ақ, Байзақ және Жамбыл аудандары білім бөлімдерінің мектепке дейінгі ұйым әдіскерлері мектепке дейінгі ұйымдарға, педагогтерге көрсетіліп жатқан ақпараттық-әдістемелік қолдау бағыттары бойынша іс-шаралар туралы әріптестерімен тәжірибе алмасты.

«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіру»  тақырыбында қашықтан вебинар өтті

       Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың  23 сәуір  күні «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіру»  тақырыбында география пәні әдіскерлері мен мұғалімдеріне арналған  вебинар  өтті. Вебинарға        237  педагог  қатысты.

          Вебинар барысында география пәнінен оқушылардың білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіруде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үрдісі оқу қызметінің барлық түрлерінің нәтижелілігін оқу материалын меңгерудің процессуалды жағын және жеке тұлғалық  қасиеттерін,  ойлау дағдыларының деңгейлерін дамытуға бағытталған әдістемелік кеңестер ұсынылды.   

«Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында «Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналады» атты облыстық буктрейлер   байқауы өтті

 Жамбыл облысы әкімдігі  білім басқармасының  оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен   «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында  7-8 сынып оқушылары  арасында «Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналады» атты ақынның шығармаларына үздік облыстық буктрейлер байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – Ж.Жабаевтың шығармасы немесе Ж. Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы кітап бойынша буктрейлер дайындау.         

Байқауға  білім    беру   ұйымдарынан  24    мектеп қатысып,   6  мектеп жүлделі орындарды иеленді.

Меркі  ауданындағы №13 М.Маметова атындағы жалпы орта білім беретін  мектебінің  8 сынып  оқушысы  Г.Махметжан       І орынды,  Жамбыл  ауданының  А.С.Макаренко  атындағы  орта      мектебінің 8 сынып оқушысы  Е.Сандыбек,   Қордай ауданының  №14 Ә.Нүсіпбаев   атындағы  мектептің    8 сынып   оқушысы  С. Қапархан   ІІ орындарды, Сарысу ауданының  М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының  7 сынып   оқушысы А.Жаңабай, Тараз  қаласының №7  гимназияның 7  сынып оқушысы  А.Люфт,                     Шу ауданының   М.Ғабдуллин  атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушысы А.Әмед ІІІ орындарды иеленді.