Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен даналықтың жауһары, даралықтың тарланы, ХХ ғасырдың Гомері атанған Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай, өмір жолын, шығармаларын насихаттау, еңбектерін зерттеу мақсатында «Ж.Жабаев шығармаларын жаңаша оқытудың инновациялық әдістемесі мен өзекті мәселелері» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған облыстық тәжірибе алмасу алаңы өтті.
Іс-шараға облысымыздағы Ж.Жабаев атындағы мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысып, ақын шығармаларын оқыту бойынша қысқа мерзімді жоспарларын ұсынды. Тәжірибелі мұғалімдер Жамбыл Жабаевтың ақындық шеберлігі мен өзіндік ерекшелігін ашып көрсетті. Өлеңдеріне әдеби талдау жасай отырып, оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелеу қажеттігіне тоқталды.
Облысымыздың тәжірибелі ұстаздары Жамбыл жырлары арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің негіздерін атап көрсетті.
Облыстық тәжірибе алмасу алаңына аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 109 педагог қатысты.