БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

«9,11 сыныптарда пәндер бойынша қорытыңды аттестаттауды ұйымдастыру, өткізу және бағалау ерекшеліктері» атты ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне облыстық оқыту семинары өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2024 жылдың 14 мамыр күні аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне 9,11-сыныптардағы қорытынды аттестаттаудың талаптарын меңгерту мақсатында «9,11 сыныптарда пәндер бойынша қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру, өткізу және бағалау ерекшеліктері» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті.
Іс-шара барысында «Ағылшын тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасының көлемін білім алушылардың меңгеру деңгейі негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына тоқталып, емтихан жұмысының сипаттамасы, балдар мен бағаларды қою үдерісі туралы мағлұматтар берілді. Емтихан барысында келетін тапсырмалармен жұмыс түрлеріне тоқталып өтті.
Облыстық оқыту семинарына аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 102 ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері қатысты.

«9, 11-сыныптарда пәндер бойынша қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру, өткізу және бағалау ерекшеліктері» атты информатика пәнінің мұғалімдеріне облыстық оқыту семинары өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2024 жылдың 14 мамыр күні «9,11 сыныптардың қорытынды аттестаттауын бағалау, ұйымдастыру және өткізу» тақырыбында информатика пәні әдіскерлері мен мұғалімдеріне арналған оқыту семинары өтті.

Іс-шара барысында 9, 11 сыныптарға сабақ беретін педагогтерге информатика пәні бойынша қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру, өткізу және бағалау ерекшеліктері, спецификация, емтихан жұмыстарының сипаттамасы, балл қою кестесі, тапсырма үлгілері бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.

Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің информатика пәні әдіскерлері  мен мұғалімдері, барлығы 100 педагог қатысты.

«Сабақты жоспарлау, сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру жолдары» тақырыбында облыстық вебинар өтті

 2024 жылдың 5 сәуір күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Cамғау» жобасы аясында педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында жас мамандар мен тәлімгерлерге арналған «Сабақты жоспарлау, сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру жолдары» тақырыбында облыстық вебинар өтті.

Вебинар барысында педагогтерге «Cамғау» жобасының өзектілігі мен перспективалары, пәнді оқыту ерекшеліктері, басшылыққа алынатын нормативтік құжаттар, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері пәндерінен сабақты жоспарлау мен дайындау кезеңдері, тапсырмаларды әзірлеу, сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастырудың жолдары мен түрлері бойынша әдістемелік ұсынымдар беріліп, материалдар таратылды.

Іс-шараға тарих пәнінің және «1000 мектеп» жобасына енген мектептердің пән мұғалімдері, барлығы 134 педагог қатысты.

«9, 11-сыныптарда пәндер бойынша қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру, өткізу және бағалау ерекшеліктері» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне облыстық оқыту семинары өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 13 мамырында аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне 9,11-сыныптардағы қорытынды аттестаттаудың талаптарын меңгерту мақсатында «9, 11-сыныптарда пәндер бойынша қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру, өткізу және бағалау ерекшеліктері» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті.
Іс-шара барысында «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша оқу бағдарламасының көлемін білім алушылардың меңгеру деңгейі негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына тоқталып, емтихан жұмысының сипаттамасын, балдар мен бағаларды қою үдерісін, емтихан барысында келетін тапсырмалармен жұмыс түрлерін талдады.
Қорытынды аттестаттау қалыптастырушы және жиынтық бағалауды қамтитын критериалды бағалау жүйесінің бөлігі екендігі айтып, емтихан жұмысының сипаттамасы мен бағалау міндеттері бойынша бағалау кестесін түсіндірді. Арнайы тест спецификациясының талаптарына сай балл қою шәкілін таныстырды.
Облыстық оқыту семинарға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 255 педагог қатысты.

«Эффективные стратегии подготовки учащихся к ЕНТ» тақырыбында облыстық семинар өтті

   2024 жылдың 5 сәуір күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қаласының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің және «1000 мектеп» жобасына енген мектептердің пән мұғалімдеріне арналған «Эффективные стратегии подготовки учащихся к ЕНТ» тақырыбында облыстық семинар өтті.   

Семинар барысында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне Ұлттық бірыңғай тестілеу алдында жүргізілетін жұмыс түрлері, өткізілу тәсілі мен ұзақтығы, тестілеу бағыттары, тапсырмалар сипаттамасы мен қиындық деңгейлері туралы ақпарат берілді.

Іс-шараға аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, барлығы 110 педагог қатысты.