БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

«Әулиеата өлкесіндегі саяси қуғын-сүргін саясаты мен қазақ зиялылары» тақырыбында облыстық ашық диалог алаңы өтті

2023 жылдың 26 мамыр күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Әулиеата өлкесіндегі саяси қуғын-сүргін саясаты мен қазақ зиялылары» тақырыбында облыстық ашық диалог алаңы өтті.
Іс-шараның мақсаты – ұлт зиялыларының тарихтағы рөлін айқындау. Қазақстан Республикасының өткен тарихын зерттеу барысында тарихшы-ғалымдардың еңбектерін насихаттау.
Іс-шараға Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторанты И.Шакирбаева, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Тарих және география» кафедрасының аға оқытушысы А.Көбесова қатысты.
Ашық диалог алаңы барысында педагогтерге саяси қуғын-сүргін жылдарының қазақ тарихында алатын орны, өлкедегі, Қазақстандағы репрессиялардың ауқымдары мен зардаптары, ашаршылық жылдарының салдары сөз етілді. Бүгінде Қазақстан тарихындағы тәуелсіздік тарихын зерттеп жүрген ғалымдардың ой-пікірлері, дереккөздер, зерттеу жұмыстары талқыланды.
Іс-шараға ЖОО ғалымдары, оқытушылар, облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, тарих пәні мұғалімдері барлығы 212 педагог қызметкер қатысты.

«Особенности преподавания и пути повышения качества знаний по русскому языку и литературе»
тақырыбында әдістемелік вебинар өтті

2023 жылдың 25 мамыр күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қордай, Меркі, Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Шу аудандары мен Тараз қаласының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, оларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында әдістемелік вебинар өтті.
Іс-шара барысында педагогтерге орыс тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың ерекшеліктері, білім беруді дамытудағы нормативтік-құқықтық актілері мен ұсынымдар, білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу, ҰБТ-ге дайындық, оқу сауаттылығындағы мәтін түрлері мен оларға қойылатын талаптар бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.
Әдәстемелік вебинарға аталған аудандар мен Тараз қаласының әдіскерлері, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, барлығы 170 педагог қатысты.

Информатика пәнінің мұғалімдеріне арналған вебинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 23 мамыр күні информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Ақпараттық білім беру ортасында киберқауіпсіздік негіздері» тақырыбында вебинар өткізілді.
Информатика пәні мұғалімдерінің ақпараттық кеңістіктегі киберқауіпсіздікті сақтау, «Ақпараттық қауіпсіздік» бөлімшесіндегі оқу мақсаттарын жоспарлау, тапсырма құрастыру әдістерін таратуға бағытталған әдістемелік кеңестер беру мақсатында өткен іс-шараға барлығы 38 педагог қатысты.

«BILIM FM мектеп радиосы» атты облыстық байқауы өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес 2023 жылдың 25 мамыр күні облыстық оқу - әдістемелік орталығының мәжіліс залында «BILIM FM мектеп радиосы» атты облыстық байқауы өткізілді. Байқауға білім беру ұйымдарынан 15 оқушы қатысты.
Іс-шараның мақсаты - оқушылардың туған өлке тарихына, мәдени деңгейін арттыруға және шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
Байқауға қатысушылар «Жаңа күн», «Туған өлке», «Сен білесің бе?», «Қазақ эпостары» бағдарламалары бойынша радио жұмыстарын ұсынды.
Байқаудың қорытындысы бойынша Байзақ ауданы, Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Н.Архабек І орынды, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан мектеп-гимназиясының оқушысы С.Рысбек, Меркі ауданы, №16 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы М.Шарип, А.Бадалова ІІ орынды, дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының оқушысы Ш.Қуаныш, Жуалы ауданы, Ә.Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейінің оқушысы Ж.Мекенбай ІІІ орындарды иеленді.

Облыстық байқауда жүлделі орын алған оқушыларды құттықтаймыз!

«Білім беру сапасын қамтамасыз етудің әдіснамалық негіздері» тақырыбында география пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік десант өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 22 мамыр күні «Білім беру сапасын қамтамасыз етудің әдіснамалық негіздері» тақырыбында Тараз қаласының география пәнінің мұғалімдеріне арналған әдістемелік десант өтті.
Облыстық іс-шара барысында география пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін қалыптастыру, құзіреттілігін арттыру, сапалы білім беруде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, білім берудегі нормативтік-құқықтық актілері мен міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған әдістемелік кеңестер берілді. Білімдерін сыни ойлау арқылы өмірде қолдану арқылы білім сапасын арттыруда әдіс-тәсілдердің түрлері мен ерекшеліктерінің тиімді жолдары көрсетіліп, жаратылыстану бағыттары бойынша ақпараттық – әдістемелік көмек көрсетілді.
Аталған іс-шараға барлығы 47 педагог қатысты.